31 мамыр «Ульба» кешендік орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Сөзбен емес, іспен» әлеуметтік акциясы өтті.  Шара тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік даму басқармасы мен Жоғары жастар парламентінің ұйымдастыруымен болды.

Акция барысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ойын, билер мен әртүрлі ауалық шарлармен ұйымдастырылған мерекелік көңіл көтеру бағдарламасы дайындалды.

Балалар аса қобалжумен студенттерді қарсы алып, барлық ойындарда белсенді болып, алдын ала дайындалған хореографиялық нөмірін көрсетті. Концерттік бағдарлама орталық тәрбиеленушілері үшін қызықты өтті.

Кездесу соңында орталық тәрбиеленушілеріне «Сөзбен емес, іспен»  акциясының бірінші блогында жиналған қаржыға сатып алынған сыйлықтар тапсырылды.

Өз кезегінде, орталық басшылығы университетке мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мен оңалту процесінде қатысқаны үшін шынайы алғысын білдірді. Әлеуметтік мекеме директоры Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры атына Алғыс хат табыс етті.

- Біз балалармен кездесе отырып, ләззат алдық. Балалар өте бауырмал, сыпайы. Осындай уақытта қажетті және пайдалы іс жасап отырғаныңды түсінесін. Мұндай істен пайда әрине, бар. Университеттің барлық студенттеріне мейірімді іс жасауға кеңес беремін, - деді 1 курс студенті Самат Әли.

Осындай түрдегі шаралар студенттерде мейірімділік пен мүмкіндігі шектеулі балалар өміріне араласауға деген ниет мен үмітті тудыруға көмектеседі.  

Елена Будрина,
тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік даму басқармасы