2017 жылдың 28 ақпанда Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ  «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары индустрияға» атты бағдарлама аясында білім алып жатқан жастар арасында жыл сайынғы «Аламан» фестивалі өтті.

Фестивальдың мақсаты – ЖОО-да білім алып жатқан студенттер арасынан білімді, өнерлі де дарынды студенттерді анықтау болып табылады.

Серпіндіктер бір ай бойы дайындық өткізіп өте жоғарғы деңгейде өнерлерін паш етті.

Сайысты саралап, таразылап жастардың өнерін тамашалап, әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында халықаралық және республикалық лауреаттары, ағайындар Абдуллиндер училищесінің түлектері және облыстық драма театрының актерлары болды.

Сайыс нәтижесінде 9 номинация бойынша  жеңімпаздар анықталды:

  • «Үздік халық биі» - «Хорезм биі» ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті;
  • «Үздік заманауи биі» - Жер туралы ғылымдар факультеті;
  • «Үздік халықтық вокал орындаушысы» - ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 1 курс студенті Дәулет Сабырхан
  • «Үздік эстрадалық вокал орындаушысы» - Инженерия факультетінің 1 курс студенті Асель Сандыбаева;
  • «Үздік аспапта ойнау шебері» - ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 1 курс студенті Қылышбаев Нұрберген;
  • «Үздік жайдарман тобы» - Жер туралы ғылымдар факультеті;
  • «Үздік бейнеролик» - Жер туралы ғылымдар факультеті;
  • «Үздік фольклорлық нөмір» - Инженерия факультеті;
  • «Үздік режиссерлық жұмыс» - Жер туралы ғылымдар факультеті

Бас жүлде иеленген Жер туралы ғылымдар факультет жастарына қаржылай сыйлық, ауыспалы қубок тапсырылды.

Аламан фестиваль жастарын ән, би т.б  қойылымдарда көмек көрсеткен студенттік шығармашылық бөлімінің белсенділері, жоғарғы курс студенттеріне алғыс білдіреміз және ШҚО «Левиталь»  брендімен танылған демеуші «Эмиль» компаниясына алғысымыз шексіз.

Алмаз Кабдрахманов, пресс-клуб «Талант»