Жер туралы ғылымдар факультетінің оқытушылары мен студенттері «Пайдалы демалыс» жобасының тыңдаушылары үшін «Бір құйма тарихы туралы» қызықты сабағын өткізді. 

Сабақ мақсаты – құйма күйінде соңғы өнім алу. Түпкілікті өнім кен орындарын іздестіру мен барлаудан басталатын тау-кен және металлургиялық үрдістердің тізбегінен өту арқылы алынды.

Өз кезегінде қатысушыларға арналып геология мұражайына, металлургия және байыту зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, геодезиялық жабдықтардың көрмесі көрсетілді.

Талапкерлер үшін шағын викторина өткізіліп, қатысушылардың ең белсенділері тәтті сыйлықтарға ие болды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ  Баспасөз Қызметі