Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Кітапхананың сирек басылымдар қоры

found3found2Кітапхананың сирек басылымдар қоры, кітапхана жаңа кең ғимаратқа көшкен сәттен бастап қалыптастырыла бастады (1966ж.). Ө ҚЖИ ректоры А.К.Сидоровтың қолдауымен кітапхана жұмыскерлері негізгі кітап сақтау қорын сирек басылымдар кітаптарын жиынтықтылай бастады. А.К.Сидоровтың докторлық диссертациясының ғылыми жетекшісі сәулет өнері және өнер туралы көптеген кітаптарды кітапханаға сый ретінде тарту етті. Еліміздің жоғары оқу орындары, мысалы: Мәскеу автожол институты, Харьков автожол институты, Томск автожол институты, Мәскеу инженерлік-құрылыс институты, Новосібір инженерлік-құрылыс институты өздерінің құрылыс, көлік, автомобиль жолдары мен көпірлер туралы сирек басылымдар кітаптарымен бөлісті. Соңынан, Қазақстан Республикасының 11 жоғары оқу орны арасында сирек басылымдармен өзара алмасу жүзеге асырылды. Кітапхананың алғашқы меңгерушісі Э.К.Афонина Ленинградқа барып (қазіргі Санкт-Петербор), кітаптарды іріктеп, кітапхананың сирек басылымдар қоры негізін құрады. Кітаптардың бір бөлігі біздің кітапханаға сый ретінде тарту етілсе, екінші бөлігі ақшаға сатып алынды.

found1Бүгінде, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ғылыми кітапханасының бірегей сирек басылымдар қорына ғылымның түрлі салалары бойынша XVIIIғ. – XXғ. басында шыққан басылымдары кіреді. Сирек және құнды басылымдар қоры 1356 данасын құрады. Математика, физика, құрылыстық құрылымдар, автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннелдер, автомобильдер бойынша бірегей басылымдар бар. Біздің кітапхананың сирек басылымдар қоры әсіресе өнер мен сәулет өнері бойынша кітаптарына өте бай. Мұнда, мынадай фолианттарды атап өтуге болады:

  • Неффор Ж. Архитектурный альбом. Т.1-2, 3-4, 5-6, 7-8.- Париж. - 1757г.;
  • Снегирев И.М. Русская старина в памятниках.- М.,1860;
  • Вёрман К. История Искусства. Т,1,3.-Санкт-Петербург,1896;
  • Покровский Н.В. Памятники христианской архитектуры.- Санкт-Петербург,1901;
  • Кирпичев В.Л. Беседы о механике. - Санкт-Петербург,1907, и другие.

Кітаптар, адамдар сияқты, олардың өз тағдыры бар, әсіресе, 100, 200 және одан да көп жылдар бұрын басылып шыққан басылымдардың. Сирек басылымдар қорына енгізілген әрбір томның өз тарихы да бар. Біздің міндетіміз – олардың тілін табу.