Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Кітапхананың ақпараттық қорлары

"Параграф" анықтамалық құқықтық жүйесі – Қазақстанның заңдары туралы жүйелендірілген және жедел жаңартылып отыратын деректер банкі. Жүйе құқықтық нормативті актілер мәтінін берумен қатар құжаттар жобасы мен нормативті-техникалық құжаттарға түсініктемелер береді, мемлекеттік мекемелердің мекенжайы мен телефондарын, құжаттар пішінін т.б. береді.

Кітапханалық-ақпараттық орталығында(Г-1-135)және нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде (Г-1-222 ) кіруге болады.

 

«SANA- 2001» бағдарламасы сметалық-нормативтік базаға сүйене отырып жасалған құрылыстың сметалық бағасын есептейтін бағдарлама.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде (Г-1-222 ) кіруге болады.

 

«Қазақстан Республикасы патенттері» ДБ  - Қазақстан Республикасы аймағында 1993-2012 жылдары тіркелген патенттердің сипаттамаларын қамтиды.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-222) кіруге болады.

 

"DEREK INFO MAX" – бұл заманауи толық мәтінді ақпараттық жүйе. Ойластырылған интерфейсі және көпфункционалдық іздестіру жүйесі нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар пайдаланушыларына сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-222) кіруге болады.

 

«Ереже» ақпараттық жүйесі – бұл құрылыс аясындағы инженерлік-техникалық ақпараттардың электрондық кітапханасы. Кітапхана Қазақстан Республикасының құрылысты техникалық реттеу жүйесінің қазіргі кездегі талаптарын және  құрылыс саласындағы нормативтік базаның реформасын есепке ала отырып құрылған. Қазақстанның және Экономикалық Кедендік Одақтың құрылыс туралы заңдары, нормативтік техникалық құжаттар, типтік жобалық құжаттардың және кәсіпорын өнімдері жайлы мәліметтер каталогы берілген. «Ережеде» жиналған ақпараттар ғимараттарды жобалау, кеңейту, жаңғырту, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, қызмет көрсету, пайдалануға беру, құрылыс нышандарын тоқтату және қайта іске қосу, сондай-ақ қала құрылысын жобалау, құрылысты ұйымдастыру, жобаларға сараптама жасау, техникалық және авторлық бақылау, аумақты инженерлік дайындау, көркейту, көгалдандыру және рұқсат алу шараларын өту және сәулеттік-құрылыстық, өртке қарсы және энергетикалық бақылауды өту кездерінде қолданылады. Осындай ақпарат бекітілген файлда берілген. Нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөліміне хабарласыңыз (Г-1-222 дәрісханасы)

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-222) кіруге болады.

 

ААІЖ – Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі. Бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы құрылыс, мұнайгаз, энергетикалық кешендердің: байланыс мекемелерінің, көліктердің, өрт қауіпсіздігінің, кәсіпорын және экологиялық қауіпсіздіктің тазалық-эпидемологиялық нормаларының, өнімдердің стандартының және сертификациясының және бағалауының және басқа да сфералардың қызметтерін реттеп отыратын құрамында 24000 нормативті-техникалық және нормативті-құқықтық құжаттарды қамтитын жобалық өнім.

Кітапхананың нормативтік-техникалық және патенттік құжаттар бөлімінде  (Г-1-222) кіруге болады.