Мерзімді баспасөз басылымдар

Оқырман жедел және өзектi ақпаратты журналдар мен газеттердiң беттерiнен табады. Сондықтан мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мерзімдік баспасөз басылымдарының қоры барлық білім салаларына және қоғамдық өмірге байланысты 60 мың данадан артық басылымды құрайды. Республикалық, шетелдік және аймақтық басылымдарға жазылу жүргізіледі.

Дәстүрлі жазылымнан басқа университет желісіндегі компьютерлерден сайттағы кітапхананың беті арқылы Ғылыми электрондық кітапхананың Ресейлік ғылыми техникалық журналдарына электронды түрде тегін қатынауға болады.

Бұдан әрі Сіздің назарыңызға біздің кітапханаға жазылған мерзімдік баспасөз басылымдарының тізімі басылымның мекен-жайына электрондық сілтемелерімен берілген.