Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Шанхай Серіктестік Ұйымы университеті (УШОС)

1 ШСҰ университеті, Шанхай Серіктестік Ұйымындағы мемлекет –мүшелерінің жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы ретінде, келісім-шарт негізі бойынша келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • ғылыми-педагогикалық қызметкерлермен және оқытушылармен алмасуды кеңейту;
  • ғылыми-академиялық қызметтестікті кеңейту;
  • қазіргі заманға сай оқыту әдістерді және технологияларды енгізу;
  • ШСҰ университетінің білім беру туралы құжаттарын баламасын механизмін құру, дүниежүзілік білім беру қоғамдастығымен  ынтымақтастық.

Университет

Университет ШСҰ мүшелігіндегі мемлекеттердегі, сонымен қатар, бақылаушы елдердегі  (Монғолия, Индия, Иран, Пакістан).университеттер жүйесіне қызмет етеді. 

Жоғары білікті мамандарды университет аумағында даярлау ұйым мүшелігіндегі елдердің экономикалық және ғылыми- білім беру мәдени ынтымақтастықтың салалары бойынша жүргізілуі керек.

ШСҰ ұйымының мүшелігіндегі мемлекеттер мүддесіне сай унриверситет қалыптасуының бірінші кезеңінде даярлықтың келесі кезеңдерін енгізу қажет:

  • өңіртану,
  • экология,
  • энергетика,
  • IT-технология.

Келешекте қатысушы мемлекеттер білім беру ведомостволарының өзара келісуі бойынша басқа да бағыттар енгізіліп, мамандықтар жиыны айқындалады. 

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «IT-технология» бағыты жөніндегі  «6M070300 Ақпараттық жүйе » бағдарламасы бойынша магистранттарды бірлесе дайындаудан  үйлестіруші ЖОО болып табылады.  

Үйлестіруші ЖОО бағдарламалары елдің ішіндегі және халықаралық деңгейдегі мүдделердіескеруі керек.  

Мңндетіне мыналар кіреді:

  • Ел ішіндегі оқу орындары арасындағы өызметті үйлестіру; 
  • Шетелдік ұлттық оқу орындарының бағдарламаларын үйлестіру;
  • Дайындық бағыты бойынша ағымдағы құжаттарды жүргізу және сақтау;
  • ШСҰ университеті ректоратына материалдарды көрсету және байланыс жасау;

ШҚМТУ ШСҰ университетіне қатысты барлық ісшараларға, кеңестерге белсене өатысады.  

123

10-12 сәуірде Караганды қаласында Қазтұтынуодағы Қараганды экономикалық университеті негізінде «ШЫҰ университеті – қашықтықтан білім берудің жаңа мүмкіндіктері: тәжiрибе және дамудың келешегi» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізілді. Одан әрі оқу

 

ШСҰуниверситеті  туралы неғұрлым толық ақпарат : http://eduweek.ru/index.phpпорталында берілген.