Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Текст с ошибкой:


Комментарий:


Мақсаты, міндеттері, оқыту сұлбасы

Шанхай серіктестігін ұйымдастыру университетін құру мақсаты Шанхай серіктестігін  ұйымдастырудың ШСҰ  мемлекеттік мүшелері қабылдаған көп қырлы нормативтік-құқықтық кесімдері аясында анықталады және төмендегілерден тұрады:   

  • ШСҰ  қатысушы –мемлекеттер арасында өзара сенім мен қайырымды көршілік қатынасты нығайту; 
  • білім беру,ғылым және технология саласында кірігу үдерісін дамыту;
  • көп қырлы білім беру, ғылыми және мәдени ынтымақтастықтың кеңеюіне жаңа тыныс беру; 
  • сапалы заманауи білім алуға жастар үшін мүмкіндік аясын кеңейту, ал педагогтар мен ғалымдар үшін ғылыми байланысты дамыту;
  • Саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салада Ұйымға қатысушы елдердің ынтымақтастығының тиімді дамуына ықпал ету. 

ШСҰ  университетінің негізгі міндеттері: 

  • Оқушылар, студенттер, аспиранттар, доктаранттар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер арасындағы алмасуларды кеңейту;
  •  ғылыми-академиялық ынтымақтастықты арттыру;  
  • заманауи білім беру әдістемесі мен технологияларын енгізу;

Қосымша міндеттері:

  • ШСҰ ынтымақтастық бағыттарына сараптау жүргізу және нұсқау беру;
  • ШСҰ және оған қарасты ұйымдардың  құрамына қызметкерлерді дайындау;
  • тілдік (қытай, орыс) және елтану курстарының жүйесін құрастыру.

ШСҰ университетінің қатысушы-мемлекеттер арасында  құрылу мен қызмет ету саласындағы арақатынастары, алдығы қатарлы білім беру мекемелерін тарту деңгейінде жүреді.

ШСҰ Университетінің көлемінде  оқыту, сол елдің мемлекеттік тілінде, немесе ШСҰ ресми қытай, орыс тілдерінде жүргізіледі. 

ШСҰ Университетінің  эгидасы  және қолдауымен ғылым және білім беру кооперациясының іске асуы, ерекше «қолшатыр» тәрізді болуы керек.

ШСҰ Университетінің  моделі ШСҰ университетінің қатысушы-мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастары негізінде, өз елдерінде сәйкес салалар бойынша дайындау, бас ЖОО болып табылады.

Аспиранттардың,магистрант және бакалаврлардың,  бағдарламаларын кезеңімен келісуі, өз елдерінің білім беру стандарттарының көлемінде іске асуы, ШСҰ Университетінің сәйкес салалар бойынша дайындау бірыңғай оқыту бағдарламасын құрастыру мақсаты  Бас ЖОО міндеттері болып табылады.

ШСҰ  Университетінің басқару жүйесі

  • Министрліктер мен ШСҰ басқару органдарының денгейінде үйлестіру кеңесі ШСҰ универсиетінің қызметін үйлестірілуін қамтамасыз етеді, және нормативті құқықтың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар еңгізеді.
  • Қамқорлық кеңес. ШСҰ университетін жағымда имиджінің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. ШСҰ университетін дамыту үшін қаражаттар іздестіреді.
  • ШСҰуниверситетінің ректораты. ШСҰ университетінің ағымдағы жұмыстарын басқарды, соның ішінде ақпараттың – сараптамалық, заңгерлік және қаржылық ұйымдастырушылық жағынан да, қамтамасыз етеді.
  • Әр даярлық саласындағы сарапатамалық топтарда әр негізгі жоғарғы оқу орындарынан өкілдері қызмет істейді. Нақты даярлық саласы бойынша оқу- әдістемелік және ғылыми зерттеу қызметіне қолдау көрсетеді. 

ШСҰ  Университетіндегі оқыту сұлбасы

ШСҰ  университеті бағдарламасы бойынша  оқитын студент осы бағдарламаны жүзеге асырып отырған шетелдегі бас ЖОО-нан кез келген семестрден бастап, оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болуы керек. Сонымен қатар шетелдегі серіктес ЖОО мөлшері және максималды өту мерзімі шектелмейді. Студент  серіктес ЖОО міндетті түрде 1- семестрден кем болмайтын мерзім оқуы керек.

Оқу қорытындысы бойынша, студент, коп уақыт оқыған (60% кем болмайтын) ЖОО дипломын, ШСҰ  университетінің бастапқы құрылған кезеңінде – ШСҰ  университетінің сертификаты, ал кейіннен – ШСҰ  университетінің бірыңғай дипломын алады.

ШСҰ  университетіне қабылдау ШСҰ  қа қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, ШСҰ  университетінің жергілікті базалық ЖОО актілерімен іске асады. ШСҰ  университетінің базалық ЖОО бөлімшелеріне, базалық ЖОО тұрған мемлекетінің және ШСҰ  қатысушы мемлекеттерінің орындаушы өкіметтің белгілеген қабылдау заңнамасына қайшы келмейтін қабылдау ережелерін өздігінен құрастырып, бекітеді.