Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

ШҚМТУ-дың 60 жылдығын тойлату

Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер!

Шаймарданов Жасулан КудайбергеновичБиыл еліміздің ең үздік техникалық университеті атану жолында лайықты қызмет атқарған университетіміздің 60 жылдығын атап өтпекпіз.

Алпыс жылдың ішінде университетіміз тау-кен және металлургия, инженерлік-техникалық, сәулет және құрылыс, экономикалық және ақпараттық-коммуникациялық салаларға қажетті жоғары білікті мамандарды дайынау орталығына айналды.

ӨҚЖИ - ШҚТУ- ШҚМТУ – он  мыңдаған таланттылар, нағыз кәсіпқойлар және өз елінің лайықты азаматтары үшін «Альма матерге» айналғаны сөзсіз.

Қазіргі таңда университетіміз 3.0 жаңғырту, ИИДМБ, экономика салаларын цифрландыру сынды маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсене қатысады, сондай-ақ аймақтағы ірі кәсіпорындармен біріге отырып халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруда.

Біз дәстүрлерімізді және инновациялық жобаларды арқау ете университетіміздің жарқын болашағын қалыптастырудамыз.

Университет басшылығының және жеке өзімнің атымнан сіздерді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 60-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Университетімізге көрсеткен адал қызметтеріңіз, түсіністіктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін, еңбек және ғылым жолындағы жетістіктеріңіз үшін, сондай-ақ университетімізді көркейту және мәртебесін асқақтату жолында атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын!

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ                                    Ж. Шаймарданов