«КАЙДЗЕН» стратегиясы әрбір жеке қызметкер деңгейінде идея ұсынуды және оны әзірлеуді ұйғарады, бұл оның нәтижелілігін, тиімділігін және нәтижелер сапасын жақсарту мақсатында қандай-да бір үдерісті немесе тәртіптемені жаңғыртуға немесе оңтайландыруға бағытталады.

Идея төмендегідей мақсаттарға жәрдемдесу керек:

  • қандай-да бір үдерістің немесе тәртіптеменің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ бұлардың нәтижелер сапасын жақсартуға;
  • көрсетілетін қызметтер және өндірілетін өнімдер құндылығын арттыруға;
  • қолда бар техникалық құралдар мен ресурстарды техникалық жағынан жаңғыртуға немесе тиімді пайдалануға;
  • кез-келген деңгейде басқаруды жетілдіруге;
  • жұмыс орнындағы еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсартуға, тиімді әдістемелер енгізуге;
  • қызмет көрсету және өнім өндіру шығындарын үнемдеуге;
  • кез-келген деңгейде үдерістер және тәртіптемелер сапасы туралы объективті ақпарат алуға.

«КАЙДЗЕН» табысты өзгерістер стратегиясы 2006 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы уақыт аралығанда 250-ден аса идеялар ұсынылды, оның 90-ы (36%) тиімді деп саналып, іске асырылды. Тиімді деп саналып, іске асырылған идеялардың авторларын сыйақыға ұсыну туралы бұйрықтар шығарылды.