7M02101 - Дизайн

Магистратурада – Дизайн мамандығы бойынша мамандарды дайындау екі бағыт бойынша жүргізілуі тиіс:

  • бейіндік;
  • ғылыми және педагогикалық.

Кәсіптік қызметтің нысандары Дизайн мамандығы бойынша магистратура біліктілігі жоғарғы оқу орындарында тереңдетілген жетік дизайн мамандарын дайындауда және дизайн аумағындағы барлық жұмыстардың түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Мамандығы бойынша магистратураның оқу бағдарламасы шебер жетілген менеджерлерді және басқару шеберлігін дайындаумен қамтамасыз етеді.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызмет нысандары «7M02101– Дизайн» мамандығы бойынша бітірген түлектердің қызмет саласына тікелей байланысты басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер болып табылады. Дизайн магистрін бітірген түлектер жобалау және ғылыми зерттеу институттарында, шеберханаларда, студияларда, қала дизайн саласындағы орталықтарда, дизайнерлерді дайындайтын жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерде, сондай–ақ қала және облыстық білім беру жоғарғы оқу орындары мен дизайнға қатысты жұмыс орындарында қызмет істей алады.

Ғылыми және педагогикалық екі жылдық магистрлік оқу бағдарламасын игеріп, магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға, «7M02101 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі.

Бейіндік магистратураның бір жылдық оқу бағдарламасын игеріп, магистірлік диссертацияны қорғаған тұлғаға, «7M02101 – Дизайн мамандығы бойынша өнер магистрі» дәрежесі беріледі.

Ғылыми және педагогикалық бағыттың магистратурасының бiтiрушiсi:

  • терең ғылыми және кәсіби дайындыққа ие болу керек;
  • ғылыми мәліметтерді өңдеу және сақтау әдістерін қабылдаумен қоса, қазіргі ақпараттық технологияларды білу;
  • қазіргі ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешу және құрастыруды, таңдалып алынған мамандық бойынша ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу қызметті жоспарлау және жүргізуді білу;
  • жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеуші және басқарушылық қызметті ойдағыдай жүзеге асыруды;
  • жобалаушы ретінде жұмыс істеуге, жобалық жұмыстардың менеджері, басқарумен шұғылдана алады.

Жалпы білімге талап: «7M02101– Дизайн» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызметтерді атқаруға қабілетті болуы тиіс:

  • ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми зерттеуді жүргізу, ғылыми мақала жазу, жинақтау және талдау, эссе, очерк, күрделі зерттеулердің бөлімшелерін);
  • өндірістік (жобалық, макеттер, ансамблдердің жаңа объектілерінің үлгілерін, жобалардың тапсырмаларын орындау).

Ғылыми-педагогикалық қызметтегі магистранттар педагогикалық қызметпен айналысып (орта кәсіби және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінде), білім процесіне қатысты типтік және жұмыс бағдарламаларын, методикалық жұмыстарды, дәріс оқу және көркем өнер және дизайн пәндерінен сабақтар жүргізе алады.

Әлеуметтік тұлғаларға деген талап әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік ролдерді географиялық және әлеуметтік мобилдікке ауыстыруға дайындығымен шектеледі.

Ұйымдастыру басқару құзреттілігіне деген талап өндірістік басқару қызметін іске асыру, жоба алды зерттеулерге қатысу, жобалау процесін жобалау, шығармашылық коллективтерге қатысу және басқарумен шектеледі.