6В07309 - Жобалаудағы - BIM технологиялар

Қазіргі заманғы сәулеттік-құрылыстық және технологиялық жобалау сапаны жоғарылатуды ғимараттардың ақпараттық модельдеуін (BIM-Building Information Modeling) пайдалана отырып қамтамасыз етуге болады.

BIM-бұл объектінің көлемді суреті ғана емес, бұл ғимарат немесе құрылыстың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде пайдалануға болатын құрылыс объектісі туралы ақпаратпен бірге жұмыс істеу процестері мен тәсілдері.

BIM-технологияларды қолдану арқылы курстық және диломдық жобаларды орындау барысында студент кең теориялық білім алады, ғимараттардың барлық құрылымдық элементтерін, олардың құрылысы технологиясын қоса алғанда, көп сатылы цифрлы жобалаумен заманауи бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын меңгереді.

Бакалавриаттың 6B07309 "Жобалаудағы - BIM технологиялар" білім беру бағдарламасының түлектері заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланатын жобалау және құрылыс компинияларында жұмыс істей алады.

6В07309  «Жобалаудағы - BIM технологиялар» білім беру бағдарламасының жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент Махиев Б.Е.