6B07310 - Сумен қамту және канализация

Таңдау бойынша тестілеу пәні – математика

Бейіндеу пәні – физика

«Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындардың су шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған: 

  • сумен қамту және канализация  жүйелерін жобалау, салу, іске қосу және баптау, пайдалану саласындағы білім;
  • елді мекендерде және өндірістік алаңдарда сумен қамтудың сыртқы жүйелерінің, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және нөсерлік канализация  жобаларын орындай білу;
  • табиғи суларды дайындау және сарқынды суларды тазарту бойынша технологиялық схемаларды таңдауды жүзеге асыру, суды өңдеу бойынша ғимараттарды  есептеуді жүргізе білу;
  • сумен қамту  және канализация (су жинау ғимаратары, сорғыш бекеттері) жеке тораптары мен жүйелеріне есептеу жүргізуді  білу;
  • сумен қамту және канализация жүйелері элементтерінің негізгі пайдалану параметрлерін бағалай білу;
  • су шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда орындаушы ретінде жұмыс орнында міндеттерді практикалық шешу дағдылары.

«Сумен жабдықтау және канализация» ББ түлектері келесі қызметттерді  атқара алады сумен қамту және канализация,  тазарту ғимараттарының  шебері, учаске бастығы, техник - технологы, цех бастығы, инженер, инженер-жобалаушы, канализация сорғыш және су құбыры бекеттерінің  бастығы, сумен қамту  және суларды  бұру тазарту ғимараттарының  бастығы, ауысым бастығы, жұмыс өндіруші (прораб), басшының көмекшісі.

Бітірушілердің кәсіби қызметтерінің нысандары болып табылады:

  • елді мекендерді сумен қамту және суларын бұру нысандары;
  • өндірістік кәсіпорындарын сумен қамту және канализация бөлімдері мен цехтары;
  • жобалау-конструкторлық ұйымдар мен шеберханалар;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқытуға арналған  су шаруашылығы кәсіпорындарымен бірлескен ынтымақтастық және тәжірибелік  базаны ұйымдастыру туралы шарттар жасалды (ШЖҚ «Өскемен - Водоканал» МКК, «Востокоблпроект» ЖШС, «Восток массивпроект» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министирлігі Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі. 

Халықаралық ЖОО-серіктестігі:

  • Қазақстан -Неміс университеті (Алматы қаласы);
  • Тынық мұхит мемлекеттік университеті (Хабаровск қаласы);
  • Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті;
  • Новосібір мемлекеттік су транспорт академиясы.

Осы білім беру бағдарламасының студенттері үшін ШЖҚ "Өскемен - Водоканал" МКК, "Силумин - Восток" ЖШС, "Согринская ТЭЦ" ЖШС, "Өскемен ЖЭО"ЖШС әртүрлі нысандарында  экскурсиялар жүргізіледі.

Білім алушылар үшін геодезиялық, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе қарастырылған.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 2 магистр жүргізеді.

Осы білім беру бағдарламасының студенттерін дайындау 2019  жылғы құрылған "Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы" базасында жүргізіледі,  ол "Гидравлика", "Су ресурстарын интеграцияланған басқару", "Сорғыштар, желілер және суды дайындау", "Гидрохимия" зертханаларын қамтиды.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жүзеге асырылады: табиғи және сарқынды суларды тазарту, тұнбаларды баптау, тазарту ғимараттарының жұмысын қарқындату.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланады

Бітіргеннен кейін білім алушыларға 6В07310 «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер 7М07310 «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы бойынша ШҚМТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Бұл білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініші бойынша 2019 жылы ашылды.

Осы мамандықтың бұрынғы түлектері Қазақстан, Ресей, Молдова, Израиль, Германия, Канада және т.б. қалаларында табысты жұмыс істейді.

Олардың көпшілігі өндіріс пен ғылымның түрлі салаларында басшылық қызмет етеді:

  • Әубәкіров Ержан Майданұлы -  Өскемен қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Өскемен-Водоканал»  МКК директоры;
  • Овечкина Оксана Владимировна - Өскемен қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Новая Согра» МКК  зертхана меңгерушісі.
  • Фоминых Александр Артемьевич – «Казгипроцветмет» ЖШС сантехникалық бөлім басшысы.