Бакалавриат

5В012000 - Кәсіптік оқыту Скачать жүктеу

Бұл мамандықты бітірушілерге деген сұраныс профилді 12 жылдық білім беру шарттарында білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық, өндірістік - технологиялық проблемаларды шешуге қабілетті жаңа формация мамандары ретінде өз қызметінің ауқымдылығымен түсіндіріледі.

5В012000 - кәсіптік оқыту мамандығы бойынша бакалавриат түлегіне - «Кәсіптік оқыту бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бұл мамандардың күш-жігері:

  • профиль бойынша білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізуге;
  • өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындарда оқу-тәрбиелік және өндірістік үдерістерді ұйымдастыруға;
  • білім алушылардың қатысуымен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

 Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері болып табылады:   

  • білім беру үдерісімен байланысты, біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру бөлімдері мен құралдары;
  • жалпы білім беру мектептері, лицейлері, гимназиялары;
  • оқу-өндірістік комбинаттары, оқу-курстық желілері, жұмысшыларды және халықты жұмысқа орналастыру қызметі мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары;
  • кәсіптік-техникалық мектептер, училищелер;           
  • жоғары оқу орындары;                                                      
  • зауыттық зертханалар;                                                  
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары; 
  • конструкторлық және жобалық ұйымдары.

5В012000 - кәсіптік оқыту мамандығы бойынша бакалавриат түлектері, кәсіптік білім педагогы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, үйірмелер басшысы, орта және кәсіптік мектептерде, колледждерде, лицейлерде, жұмысшы мамандықтарының кешені бойынша арнайы технологиялы жалпы техникалық және арнайы пәндер оқытушысы, жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу жүйесінде өндірістік оқыту шебері, ведомстволық бағыныстылығы және меншік нысанына қарамастан, сонымен қатар Біліктілік анықтамалығындағы басшылар, мамандар мен басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес, бакалаврлар ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жұмыс өтілімі талап етілмейтін конструкторлық және жобалық ұйымдарда - бірінші санатты техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-лаборант, инженер және басқа да лауазымдарда бола алады.

Біліктілігі - (сала бойынша) кәсіптік оқыту мұғалімі.

  • Информатика. Білім берудегі ақпараттық технологиялар;
  • Машина жасау өнеркәсібі;
  • Құрылыс;
  • Өнеркәсіп өндірісі және қоршаған ортаны қорғау.