Магистратура

6М074500 Көлік құрылысы

6М074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша ғылымдар магистрі кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • есептік-жобалау және техникалық-экономикалық;
  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық және пайдалану;
  • құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік;
  • ғылыми-зерттеушілік;
  • білім беру (педагогикалық).

6М074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • есептік-жобалау және техникалық-экономикалық;
  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық және пайдалану;
  • құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік;
  • эксперименттік-зерттеушілік.

Оқу мерзімі. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің ұзақтылығы құрайды:

  • ғылыми және педагогикалық даярлау кезінде – 2 жыл;
  • бейіндік даярлау кезінде – 1,5 жыл.

6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының негізгі есептері болып табылады:

  • ғылыми және педагогикалық магистратура кезінде – ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау, меншік түрінен және бағыныштылығынан тәуелсіз жұмыс істеуі үшін: жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінде; бюроларда; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында);
  • бейіндік магистратура кезінде – бейін бойынша мамандарды даярлау, меншік түрінен және бағыныштылығынан тәуелсіз жұмыс істеуі үшін: жобалау мекемелерінде; бюроларда; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында).