Инновациялық білім беру жағдайындағы - академиялық ұтқырлық

Өз елімізде немесе шетелде - қазіргі заманғы білім беру ерекшелігі басқа университетте даярлауды көздейдi де, академиялық ұтқырлық болып табылады. Бұл тәжірибе 4-8 апта немесе толық семестр болуы мүмкін. Мұндай мүмкіндіктің артықшылықтарын бағалау қиын: студенттер басқа елмен танысады, жаңа достар табады, шет тілін жетілдіреді, бәлкім магистратурада одан әрі оқу орнын анықталады. .

Студенттің шетел университеттеріне баруына, не істеуі керек ? Біріншіден , халықаралық бағдарламасына қатысуға ұмтылу. Екіншіден , ағылшын тілін жақсы білулері керек. Үшіншіден , оқудағы өте жақсы үлгерім міндетті шарты болып табылады және оқытушылардан екі ұсынысхат және көшірме бағаларымен, студенттің беделі қажет болады

2015-2016 оқу жылының күзгі семестрінде 1 студент және 2 магистрант Польшада оқып білім алды. Оқу процесінің технологиясы Люблин университетінде өттіп, оралғаннан кейін, біздің студенттер алған тәжірибелері мен бөлісті. (1-сур.)

«Люблиндік политехникалық» техникалық университеті - Люблиннің бес мемлекеттік оқу орындарының бірі. Университет қабырғасында 6 факултет бар, әр факултеттің өз ғимараты бар. Сәулет-құрылыс корпусы екі бөліктен тұрады. Дәліздік типтегі ескі ғимаратта профессорлар кабинеттері, кафедра және құрылыс бағытындағы аудиториялар орналсқан, сәутелшілер үшін жаңа атриумдық типтегі ғимарат салынған. (Сурет 2.)

 

ACADEMIC ACADEMIC
Сур. 1 Оқушылар ШҚМТУ,. халықаралық Технология бағдарламасының қатысушылары Сур. 2 Люблин у. Сәулеттік тұрғын үй

 

5 қабатты сәулетшілердің ғимараты өте заманауи көрінеді,бірінші қабатта деканат және студенттердің жұмыстарын орналастыратын кітапхана мен үлкен дәліз бар; 3-ші қабатта мұғалімдер кабинеті.Басқа қабаттарда сабақ өткізуге арналған аудиториялар бар. Холлға шыны күмбезден күн сәулесі жақсы түседі. Ақ қабырға мен төбенің фонында ашық түсті қызыл, жасыл, қызғылт диван, орындықтар шығармашылық кеңістікті қалыптастырады (3-сурет). «Корпуста өте жағымды әсер сезілді және сол жерде мен тандаған сәулет мамандығын оқуға деген ниет пайда болды. Мені көбінесе корпустын атмосферасы шабыттандырып, ынталандырды» - дәл осылай студент Серік Сейтханов сипаттады.

 

ACADEMIC ACADEMIC
Сур. 3 Ғимараттың ішкі көрінісі

 

Сондай-ақ кампусқа студенттік клуб және жатақхана кіреді. Біздің студенттер басқа - Түркия, Италия, Испания, Хорватия, Никарагуа, Сербия және Америка елдерінің студенттерімен бірге оқыған.

Оқыту бағдарламасына дәріс және семинар енгізілген, сабақтар ағылшын тілінде өткізілді, бірақ студенттерге поляк тілінен тегін курстар ұсынылған. Сабақтарға міндетті және элективті курстар кіреді. «Курстарды әр түрлі мамандықтар арасында тандауға болады, құрылыс мамандығын тереңірек білу үшін қажет, және ол кейін қызметте керегі болатынына кәміл сенімдімін», - деді магистрант София Мацкевич.

ACADEMIC
Сур. 4 Студенттер мұз алаңында

Балаларға поляк университетінің кестесіне сәйкес және ШҚМТУ қашықтықтан оқыту бағдарламасын қатар алып жүруге тура келді. Бірақ күн тәртібінің тығыздығына қарамастан олар уақыттарын көңілді өткізді. Сіздер қайда оқысаңыздар да, студентік өмір тек қана сабақ оқу емес. Студенттер сабаққа да ойын-сауыққа да үлгерді: конькимен сырғанады, көрмелерге, концерттерге (Сурет 4.) барды. Люблинде күн сайын дерлік болатын әр түрлі мерекелер өткізілетін мәдени орталығы бар. Әр ай сайын осындай оқиғалардың бағдарламасы шығарылып отырады. Басқа қалалар мен елдерге бару мүмкіндігін атап өткен маңызды. Балалар әлемнің ең әдемі балаларының бірі Прага (Чехия) және Барселонаны (Испания), сондай-ақ поляктың қалалары - Гданьск, Краков қалаларын аралады. "Қазақстан бойынша саяхаттауға қарағанда, Еуропада саяхаттау әлде қайда оңай. Оған қоса поезд және автобус билеттерінен бастап, мұражай билеттеріне дейін барлық жерде студенттерге жеңілдіктер бар" - дейді магистарнт Виктория Михеева.

Өзге елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу үлкен қызығушылық туғызады. «Әрине Еуропаның ашылуы, мен үшін үлкен жаңалық», -деді Серік Сейтханов деді.

Академиялық мобильділік бағдарламасына біздің студенттеріміз көбірек қатысады, ал шетелдік студенттер ШҚМТУ келеді деп үміттенеміз.