Дизайн

5B042100 - бакалавриат

  • Кәсіби қызмет аясы. 5B042100-Дизайн (бейін бойынша)мамандығы бойынша жоғары кәсіби базалық білім алған мамандар сәулет ортасын жобалау саласында, экзпозиция, интерьер, визуалдық  қарым-қатынас, жарнама, өнеркәсіптік және тұрмыстық мәндегі заттарды көркемдеуді орындау үшін дайындалады.   
  • Түлектердің кәсіби қызметінің нысаны болып мыналар табылады (мамандандыру бойынша):
    • 5B042100.01 – Сәулет дизайны: қалалық, ауылдық,  шағын сәулеттік үлгі, абаттандыру және көгалдандыру элементтері, визуалдық қарым-қатынас, экспозициялық кеңістік, қадлалық ортадағы жабдықтау мен жиһаз, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігі, интерьердегі жабдықтау мен жиһаз, көрмелік және сауда экспозициялары,  экстерьер мен   интерьердегі сәттік-декоративтікжәне декоративтік қолданбалы  өнер элементтері.   
    • 5B042100.03 – Өнеркәсіптік дизайн: арнайы және күнделікті киімдерді үлгілеу,   тігу бұйымдарының ансамблі, аксессуары, текстиль, театр костюмдері.
  • Кәсіби қызмет пәндері. 5B042100- Дизайн мамандығы бойынша бітірушілердің  кәсіби қызметінің пәні болып мыналар табылады:
    • сәулет ортасы дизайны, интерьер дизайны, ландшафт дизайны, монументтік-декоративтікөнер;
    • киім дизайны, жиһаз дизайны, техникалық дизайн және декоративтік-қолданбалы өнер.
  • Кәсіби қызмет түрлері. 5B042100-Дизайн бакалаврлары мамандық бойынша кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындайды:
    • жобалық-конструкторлық (дизайнер маманы жетекшілігімен) : оған тұжырымдар, жобалар, макеттер, ансамблдер, бұйымдар мен өнімдердің үлгілері кіреді;  
    • ұйымдастыру-басқару: бәсеке және бизнес жағдайында жобалық, кәсіпкерлік және қаржылық қызметті ұйымдастыру және басқару; 
    • ғылыми-педагогикалық: ғылыми және білім беру ұйымдарындағы жұмыстар кіреді.
  • Кәсіби қызмет. Дизайнсаласындағы кәсіби қызмет үйлесімді пәндік-кеңістік ортаны қалыптастыруға мүкіндік беретін көркем жобалаудың заманауи құралдарын, әдістері мен үлгілерін меңгеруді білдіреді.  
  • Кәсіби қызметтің бірыңғай міндеттері.  5B042100–Дизайн мамандығының бітірушілері тауарлар мен өнімдерді жобалау үлгілерінің, заттардың, нысандар мен орталардың  үлгісін компьютерлік үлгілеу мен макеттеу арқылы жасалуы мен конструкциялануын, эстетикалық талаптарға сай экспозициялар әзірлемесін жобалау міндеттерін шешеді.   
  • Кәсіби қызметтің бағыттары.   5B042100-Дизайн мамандығының бітірушілері кәсіби қызметтің келесі бағыттары бойынша жұмыс істей алады:
    • сәулет  дизайны (сәулет ортасының дизайны, интерьер дизайны, ландшафт дизайныжәне монументальды-декоративтікөнер);
    • кескін дизайны (жарнама дизайны, полиграфия дизайны, сезіну мәдениеті, безендіруөнеріжәне фотокескін);
    • өнеркәсіптік  дизайн (киім дизайны, жиһаз дизайны, техникалық дизайн және  декоративтік-қолданбалы өнер).
  • Кәсіби қызмет мазмұны. Кәсіби қызмет мазмұныәлеуметтік тапсырысты алу және талдау, дизайн нысанын жобалау және жүзеге асыру үдерісінің дизайн-бағдарламасын жобалау мен қалыптастыру стратегиясын жасаудан тұрады. 
  • 5B042100 – Дизайнмамандығы бойынша бакалавр құзіреттілігіне қойылатын талаптар:
    • дизайн қызметтің шекарасы мен қоғамдағы ролі туралы түсінігі болу керек
    • жобалау алдындағы материалды жинау тәсілін және ресімдеуді; жобалау үдерісіндегі әрекет реті мен сипатын; жобалау материалдарын ресімдеу талаптарын білуі қажет
    • анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей алуы, тірек сызбаны құрастыра алуы, жобалау үдерісінің ретін анықтау, эскиз материалдарын орындау, жобалау идеяларын көрнекі материалдарда жүзеге асыру, жобалау материалдарын талапқа сай безендіру (соның ішінде заманауи бағдарламалар өнімдерін пайдаланып) және өз жұмысын презентациялар мен қорғауда сауатты көрсете білулері керек

Магистратура 6M04200 дизайн мамандығы

Магистратурада 6M042100 – Дизайн мамандығы бойынша мамандарды дайындау екі бағыт бойынша жүргізілуі тиіс:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

Кәсіптік қызметтің нысандары Дизайн мамандығы бойынша магистратура біліктілігі жоғарғы оқу орындарында тереңдетілген жетік дизайн мамандарын дайындауда және дизайн аумағындағы барлық жұмыстардың түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Мамандығы бойынша магистратураның оқу бағдарламасы шебер жетілген менеджерлерді және басқару шеберлігін дайындаумен қамтамасыз етеді.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызмет нысандары «6M042100 – Дизайн» мамандығы бойынша бітірген түлектердің қызмет саласына тікелей байланысты басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер болып табылады. Дизайн магистрін бітірген түлектер жобалау және ғылыми зерттеу институттарында, шеберханаларда, студияларда, қала дизайн саласындағы орталықтарда, дизайнерлерді дайындайтын жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерде, сондай–ақ қала және облыстық білім беру жоғарғы оқу орындары мен дизайнға қатысты жұмыс орындарында қызмет істей алады.

Ғылыми және педагогикалық екі жылдық магистрлік оқу бағдарламасын игеріп, магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға, «6M042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі.

Бейіндік магистратураның бір жылдық оқу бағдарламасын игеріп, магистірлік диссертацияны қорғаған тұлғаға, «6M042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнер магистрі» дәрежесі беріледі.

Ғылыми және педагогикалық бағыттың магистратурасының бiтiрушiсi:

  • терең ғылыми және кәсіби дайындыққа ие болу керек;
  • ғылыми мәліметтерді өңдеу және сақтау әдістерін қабылдаумен қоса, қазіргі ақпараттық технологияларды білу;
  • қазіргі ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешу және құрастыруды, таңдалып алынған мамандық бойынша ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу қызметті жоспарлау және жүргізуді білу;
  • жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеуші және басқарушылық қызметті ойдағыдай жүзеге асыруды;
  • жобалаушы ретінде жұмыс істеуге, жобалық жұмыстардың менеджері, басқарумен шұғылдана алады.

 

Жалпы білімге талап: «6M042100 – Дизайн» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызметтерді атқаруға қабілетті болуы тиіс:

  •  ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми зерттеуді жүргізу, ғылыми мақала жазу, жинақтау және талдау, эссе, очерк, күрделі зерттеулердің бөлімшелерін);
  •  өндірістік (жобалық, макеттер, ансамблдердің жаңа объектілерінің үлгілерін, жобалардың тапсырмаларын орындау).

 Ғылыми-педагогикалық қызметтегі магистранттар педагогикалық қызметпен айналысып (орта кәсіби және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінде), білім процесіне қатысты типтік және жұмыс бағдарламаларын, методикалық жұмыстарды, дәріс оқу және көркем өнер және дизайн пәндерінен сабақтар жүргізе алады.

Әлеуметтік тұлғаларға деген талап әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік ролдерді географиялық және әлеуметтік мобилдікке ауыстыруға дайындығымен шектеледі.

Ұйымдастыру басқару құзреттілігіне деген талап өндірістік басқару қызметін іске асыру, жоба алды зерттеулерге қатысу, жобалау процесін жобалау, шығармашылық коллективтерге қатысу және басқарумен шектеледі.