Тәрбие жұмысы

«Сәулет және дизайн» кафедрасының тәрбие жұмысы ШҚМТУ және -Сәулет - құрылыс факультетінің оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Жоспар кафедра кураторы арқылы  іске асырылады. Кураторлар мен тәлімгерлер топтағы студентттермен жұмыс жасаудың жылдық жоспарын құрастырады.

Кураторлар мен тәлімгерлер жоспарларында жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген:

Бірыңғай кураторлық сағаттарды өткізу (1-2 курс кураторлары үшін).

Айына бір рет (1-2 курстар) немесе 3,4,5 курстар үшін семестрде бір сағаттан кем емес тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу

Оқу-тәрбие жұмысы кураторлық сағаттарға және студенттермен жеке әңгімеге бағытталған. Негізгі тақырып – кәсіби қызмет, үлгерімді бақылау және оқу ақысын төлеу, топтағы студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы. Ата-аналармен әңгіме куратордың немесе ата-ананың ықыласы бойынша, ал ата-аналармен хат жазысу қажеттілікке қарай жүргізіледі. Негізгі тәрбие жұмысы адамгершілік және рухани байлықты, яғни тәртіптілікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, тұлғаның жеке қасиетін, мәдениеттілікті, жасанды ортаны қабылдаудың эстетикалық және көркемдік деңгейін жоғарлатуға, тұлғалық және ұжымдық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Жыл сайын студенттік жатақханада кафедра күндері өткізіледі, оқытушылардың кезекшілігі іске асырылады, студенттерді қызықтыратын тақырыптар бойынша дәрістер оқылады.

Патриоттық тәрбие мемлекеттік мейрамдарға қатысуды, Президенттің, үкіметтің мәлімдемесімен  танысуды, Қазақстан Республикасының дамуына бағытталған заң шығарушы және бағдарламалық құжаттармен танысуға мақсат етеді. Студенттер және кафедра оқытушылары мемлекеттік тілді білуден конкурстарға қатысады. Ректордың тапсырмасы бойынша ШҚМТУ-ға, қоғамдық ұйымдарға қажетті республикалық және облыстық деңгейдегі эскиздерді рәсімдеуге белсенді түрді қатысады.

Студенттер сабақтан тыс бос уақытында университеттегі  кезекшілікке, ШҚМТУ жоспары бойынша ұйымдастырылатын сенбілікке, митингтерге және шерулерге қатысады. Кәсіби қызмет бойынша оқытушылар студенттермен жеке кеңестер өткізеді. Студенттер «Білім күні», «Студенттерге арнау», «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «КТК», ғылыми және философиялық үйірмелерге қатысады, олар: «Абай және  XXI ғасыр», «Сократ» философиялық клубы, «Ключи» психологиялық клубы, Арт-клуб, спортклуб, пікірталас клубы, Пресс-клуб, «Карьера» студенттер іс - тәжірибе орталығы және т.б.

Кафедрада адамгершілік және эстетикалық тәрбие кәсіби бағыттылығымен ерекшеленеді, оның негізін  гуманитарлық сипат, қазіргі заманғы көзқарас, адамды сыйлаушылық, жалпы адами құндылықтар құрайды. Сәулетшілер мен дизайнер мамандарын дайындауда эстетикалық тәрбие кәсіби сәулет-көркемдік бағыттылықты талап етеді. Кафедра студенттердің курстық және диплом жобаларына жетекшілік етеді, қаланың мұражайлары мен көрме залдарында өткізілетін сәулет-көркем бағытылығындағы қызықты көрмелерге қатысуды  ұйымдастырады. «Студенттік ХАБ»- бұл студенттік өзін - өзі басқару мен студенттік өзін - өзі ұйымдастыру ойларының жүзеге асырылу формасы, мұндағы негізгі мақсат - студенттерге рухани-адамгершілік, мәдени, патриоттық және құқықтық тәрбие беру.

Дене шынықтыру тәрбиесі салауатты өмір салтын белсенді өткізуге бағытталған. Кафедра оқытушылары  студенттерге үнемі үлгі көрсетіп отырады.  Кураторлық сағаттарда, жеке әңгіме өткізуде темекі шегудің, нашақорлықтың, алкоголимзнің зияндылығы, гимнастикалық жаттығулармен айналысу туралы әңгіме өткізіледі. Студенттік топтар қысқы және жазғы уақыттарда табиғатта демалады. Студенттер арасында «Живая вода», «Алкогольный террор» фильмдері кең тараған. Студенттер әр түрлі спорт үйірмелеріне және секцияларына сонымен қатар, ШҚМТУ немесе Сәулет-құрылыс факультеті ұйымдастыратын  әр түрлі спорт шараларына қатысады.

Студенттер жыл сайын факультеттер арасында өтетін спартакиадаға қатысады, олар: армрестлинг, гир спорты, пауэрлифтинг, бадминтон және  ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ.