Оқу-әдістемелік жұмыс және инновациялық-білім беру қызметі

Кафедра оқытушыларының басты назары студенттерге, яғни әдістемелік жұмысқа, тексерістің және тәлім-тәрбиенің жаңа түрінің ізденістеріне, жүргізілетін пәндерге компьютерлік бағдарламаларды тартып көңіл аудару. Тәлім-тәрбиенің негізінде келесі педагогиканың технологиялары қолданылады:

  • «интерактивті оқыту технологиясы» - тілдесуге батырылған оқыту түрі, оның негізінде өзара әрекеттесу, нақты тәжірибе алып, ұғыну және іс жүзінде қолдана білу;
  • «жабалық оқыту технологиясы» - түпкі ойдан дайын өнімге қол жеткізгенше әрекеттердің сатылы бағдарламасын құрастыру, жұмысты жоспарлаумен байланысқан іскерлік пен біліктілікті жүзеге асыру жағдайларын жасау;
  • «кризисті ойлауды дамыту технологиясы» - адамның өзінің жеке көзқарасын қалыптастыру, тәжірибені ұғыну, дәлелдер тізбегін қисынды құру, өзін көрсете білу секілді азаматтық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатына арналған;
  • «белсенді оқыту әдісінің технологиясы - БОӘ» - оқыту тәсілдерін ұйымдастыруға және арнайы құралдар көмегімен оқытылушылардың танымдылық әрекеттерінің үрдісінде оқу материалдарын өз бетінше, бастамалық және шығармашылық игеруіне бағытталған істер мен тәсілдер жиынтығы.

Аталған технологиялардың жүзеге асу үшін кафедрада түрлі оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар «Сызба геомертиясы», «Инженерлік графика», «Компьтерлік графика», «Сызба геомертиясы және сызу», «Теориялық механика», «Механика», «Материалдар кедергісі», «Машина бөлшектері» пәндерінен интерактивті режимде жұмыс істейтін (дыбыстандырылған, анимацияланған) электронды оқу құралдары құралып әзірленген. Дәрістік (лекциялар) курстар проекторлары бар арнайы дәрісханаларда, әзірленген электронды құралдар, оқу құралдар, видеолекциялар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік білімнің стандарт талаптарына сәйкес, пәннің теориялық негіздерін оқу және оқылған курсты тексеру үшін қажетті мазмұнды материалдардан кафедраның пәндері үшін электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ПЭОӘК) құралған.

Кафедрада дәрістік сабақтар қазіргі заманға сай мультимедиялық техникалар (ЭОҚ, AutoCAD, КОМПАС, Power Point) арқылы жүргізіледі. Инновациялық бағыттағы курстық жұмыстар Power Point (слайдтар), шығармашылық үй жұмыстары - AutoCAD бағдарламаларында, Компас, Power Point түрінде қорғалады. Оқу үрдісін жетілдіру үшін кафедрада әдістемелік семинардың жоспары құрылған . Кафедрадағы істелініп жатқан оқу-әдістелік жұмыстар көп қырлы.

pic1 pic2 pic3 pic4 pic5 pic6 pic7