Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттердің ғылыми жетістіктерін насихаттау әртүрлі деңгейлі ғылыми-техникалық конференциялар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жыл сайын университетте СҒТК жүргізіледі, кафедра оқытушыларының жетекшіліктерімен студенттер осы конференцияларға ат салысуда. Сонымен қатар, студенттер Қазақстан республикасының басқа жоғары оқу орындарындағы, жақын және алыс шетелдердегі конференцияларға да қатысады. Нәтижесінде, құпталған материалдар баспадан жарық көреді. Студенттердің баяндамалары  бірнеше рет I, II дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір түрі, пән бойынша жоғарығы оқу орнындағы ішінара, жалпы Россиялық, халықаралық, републикалық олимпиадаларға, мектептердегі инженерлік кластардың оқушыларын тарту арқылы, студенттердің қатысуы болып табылады. Жоғары оқу орнындағы ішінара олимпиаданың мақсаты – қабілетті студенттерді көбірек олимпиадалық қозғалыстарға тарту. Кафедра тарапынан ұйымдастырылған командалар төмендегі сайыстарға қатысты:

  • 2008 жылы геометриялық модельдеуден жалпы Россиялық студенттік олимпиадада (ОмМТУ, Омбы қаласы, Россия);
  • 2009 жылы – геометриялық модельдеуден халықаралық студенттік олимпиадада (ОмМТУ, Омбы қаласы, Россия). Нәтижесінде командалар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды. Команда жетекшілері: кафедра доценттері Мошнинова Г.Н., Мелкозёрова Л.Я.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының  келесі бағыттары жетілдіріледі:

  • ғылыми зерттеу элементтері бар курстық жұмыстар мен жобаларды орындау (мәліметтерді жинау, жүйеге келтіру, графиктік және көлемдік-кеңістіктік модельдер жасау);
  • ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурсына студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын даярлау.

182014

Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына

Қалыптасқан дәстүрді сақтай отыра 7-9 сәуір аралығында кезекті студенттерің, магистранттардың және жас ғалымдардың «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына»  атты XIV Республикалық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Кафедра подсекциясындағы «Жалпы инженерлік пәндер» блогының пәндері: сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика университеттің бас корпусындағы Г-1-217 дәрісханасында өткізілді.

Конференция жұмысына студенттер және кафедра оқытушылары қатысты. Power Point бағдарламасын қолдана отыра көрсетілген баяндамалар аса қызығушылықпен тыңдалынды. Студенттердің жүргізген ғылыми жұмыстарының қызықты және мазмұнды болғаны айтылып өтілді. Конференция подсекциясының төрағасы Уәзірханова Жұлдыз Кеңесханқызы конференция қатысушыларына өз алғысын білдіріп, алдағы уақыттарда да бірге жұмыс жасауға шақырды. Оларға зор шығармашылық табыс, жеткен жетістіктері мен мақсаттарын одан ары дамытуға тілек білдірді!

Материалды дайындағандар:

Кафеда меңгерушісі: Гульнар Муслиманова

Оқытушылар: Галина Мошнинова, Жұлдыз Уәзірханова

Kadyrbek Maratova Toktarhanov