Конкурстар

«Қолданбалы механика» пәнінен бірінші Республикалық олимпиада

3 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Машинажасау технологиясы және механика» кафедрасы негізінде «Қолданбалы механика» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасындағы республикалық олимпиада бастауын алды. Республикада тұңғыш рет өткен олимпиадаға еліміздің әр аймағынан қырықтан астам 10 жоғарғы оқу орындарының студенттері жиыналды. Екі күндік сайыста біздің университеттің намысын олимпиада барысында Машина жасау және көлік факультетінің студенттері Бекболатов Құсман, Бекболатов Нұрлыбек, Землянухин Виктор, Мураитов Дархан қорғады.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ институты 2 орынды қанжығларына байласа, ал Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командасы 3-ші орынға иеленді. Командаға III-і дәрежелі диплом және сыйлық табысталды. Ұйымдастыру комитеті біздің университетке, Ректор Темірбеков Нұрлан Мұханұлы атына алғыс хат жіберілді.

Университет басшылығына олимпиадаға қатысуға берген мүмкіншілігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Мұндай  олимпиада алдағы уақытта өз жалғасын табады деген ойдамыз.

АСКОН компаниясы өткізетін "Компьютерлік 3D-модельдеудің келешек майталмандары" 2013 атты Халықаралық жастар конкурсы

Биылғы оқу жылында да, өткен жылдардағыдай КОМПАС бағдарламасын оқитын студенттер жыл сайын АСКОН компаниясы өткізетін Халықаралық жастар конкурсына төмендегідей жұмыстарын ұсынды:

Студент Топ Атауы ЖетекшіДипломы
1.  Шайзаданов Сырым 11-ПОК-1 «Клапан газовый» т.ғ.к. Муслиманова Г.Е.

2.  Оспанова Самал 11-ПОК-2 «Съемник» доц. Каменских Л.В., доц. Мошнинова Г.Н.

3.  Жандарбеккызы Куралай, Асхатова Асем 11-ПОК-1 «Пневмораспределитель» доц. Каменских Л.В., доц. Мошнинова Г.Н.

4.  Миргородский Л. С. 10-ТМ-1 «Компрессор для теплового насоса» доц. Каменских Л.В.

5.  Землянухин В.С. 11-ГМ-1 «Опора шаровая» п.ғ.к. Мелкозерова Л.Я.

Конкурс нәтижесі бойынша барлық қатысушылар дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.

Геометриялық модельдеу бойынша өткен VII Қазақстандық олимпиада қорытындысы

15-16 мамыр аралығында Алматы қаласында Алматы технологиялық университеті базасында, Қазақстандағы АСКОН ресейлік компаниясының өкілдері ұйымдастырған Геометриялық модельдеу және КОМПАС-3D жүйесінде жобалау бойынша VII Қазақстандық олимпиада өтті. КОМПАС-3D бойынша үздік атағы үшін күресуге Алматы, Кокшетау, Шымкент, Өскемен және Талдықорған қалаларынан студенттер келді. Біздің университеттің намысын осы олимпиада барысында «Жалпыинженерлік пәндер» кафедрасының оқытушылары Л.В.Каменских, Г.Н.Мошнинованың басшылығымен, машинажасау және көлік факультетінің 10-ТМ-1 тобының студенті Л.С. Миргородский қорғады. Лев базалық білімдерін «Машиналық графика» (оқытушысы п.ғ.к. доц. Л.Я.Мелкозёрова) пәнін оқу арқылы қалыптастырғанын атап өткен жөн. Tолығырақ

«3D модельдеудегі болашақ майталмандар» конкурсынан студенттік жұмыстар

Кафедра алдында тұрған есептердің бірі,- студенттерді өз білімдерін және дағдыларын халықаралық деңгейде қолдана алуын үйрету, оқытушыларды, шетелдегі әріптестерімен байланыстарын қолдау, бірлескен жобалардың өткізілуін қолпаштау.

Берілген жобалардың жетекшілері: т.ғ.к., доцент Мелкозёрова Л.Я., доцент Каменских Л.В., т.ғ.к., доцент Миргородский С.И.

«Ролик қырын өлшеу үшін арналған тірек » жұмысы - 2 курс студенті Недобиткова М.А. «Жол катогының валеці » жұмысы - 4 курс студенті Пичугин С.Ю., Фадеев С.Н. «Жол жамылғысын бұзуға арналған каток» жұмысы - 4 курс студенттері Фадеев С.Н., Пичугин С.Ю.
«Жылу насосына арналған компрессор» жұмысы – 2 курс студенті Миргородский Л.С. «Стартердің жетегі»жұмысы- 4-ші курс студенті Яковлев Сергей

Доц. т.ғ.к. Мелкозёрова Л.Я., доц. Мошнинова Г.Н. жетекшілігімен университет атынан студенттік команда бірнеше рет «Геометриялық модельдеу» атты тақырыпта Жалпы Ресейлік олимпиаданың келесідегідей номинацияларына қатысқан (ОмМТУ, Омбы қаласы):

  • «Бөлшектерді үшөлшемді модельдеу»

Өткізілген олимпиадалар нәтижелері бойынша командалар төмендегідей жетістіктер көрсетті:

  • Командалық және жеке зачетте дипломдармен, сонымен қатар алғыс хаттармен марапатталды.