Құрылыс

5B072900 мамандығы

Бұл мамандыққа түссеніз, Сіз:

im03- «небоскребтар», стадиондар, театрлар, телемұнаралар, сауда кешендер, өндірістік, азаматтық және ауыл-шаруашылық мақсаттағы объектілерді жобалау саласында терең білім аласыз;

- ғылыми-зерттеу қызметінде дағдыланып, құрылыс құрылымдарын есептеудегі қазіргі замаңғы компьютерлік қолданыстарды пайдалануға және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді үйренесіз.

Құрылыс, қайта жөңдеу және өндірістік, өнеркәсіптік, тұрғын және қоғамдық, ауылшаруашылық объектілерді техникалық қайта қаруландыру салалары бойынша терең білім аласыз, қала инфрақұрылымын басқару, кәсіпкерлік қызметпен, маркетинг және құрылыстағы менеджмент негіздерімен танысасыз.

Кәсіптік қызмет істеудің сипаттамасы:

- өнеркәсіптік, тұрғын, қоғамдық, ауыл шаруашылық үймереттері мен ғимараттарын жобалау;

- құрылыс құрылымдарының есебі және жобаның сызбаларын дайындау үшін компьютерлік бағдарламаланды өңдеу және тәжірибелі қолдану;

- сметалық құжаттарды құру;

- құрылыстың техникалық жетеленуі: жобаны сараптау, авторлық бақылау, сәулет-құрылыс сапасын бақылау;

- жоғары оқу, ғылыми-зерттеу және жобалау-тәжірибелеу институтарында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі.

- өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылық құрылыс объектілерінінің (тұрғын-үй кешені, қоғамдық ғимаратар, зауыттық цехтар, өнеркәсіптік ғимараттар) құрылыс алаңына жетекшілік ету;

- үймереттер мен ғимараттарды жөндеу және қайтадан жаңарту;

- өндірістік жұмыстардың жобасы мен құрылысты ұйымдастыру жобасын өңдеу;

- тұрғызылатын объектілерді ұйымдастырумен қамтамасыз ету.

Студенттер оқу барысында төмендегідей пәндерді тереңдетіп оқиды:

- құрылыс құрылымдарының жаңа компьютерлік есебі;

- құрылыс материалдары, құрылыс механикасы және құрылыс құрылымдарын жобалау;

- құрылыс экономикасы, сметалық жұмыстар және құрылыс менеджменті.

- құрылыс және құрылыс-жөндеу жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы;

- құрылыс материалдары мен жабдықтар.

«Құрылыс» мамандық түлектерінің жұмыс істейтін орындары:

Жаңа құрылыс құрылымдарын және оларды есептеу әдістерін әзірлейтін ғылыми-ізденіс институттарында, жоғары оқу орындарында, зертханалар мен орталықтарда, ғимараттар мен үймереттерді жобалау және құрылыспен айналысатын ҚР және ТМД елдеріндегі әртүрлі формадағы жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейді. ШҚМТУ құрылыс бакалавры дипломы Германия, Корей, Израиль, АҚШ және Канада елдеріне танылған. ШҚО, Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларда құрылысшылардың қажеттілігі зор.

Оқуды бітіргеннен кейін құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 

 

 

МАГИСТРАТУРА

6M072900 – Құрылыс мамандығы

Магистратурада мамандарды екі бағытта дайындайды:

  • профильді;
  • ғылыми-педагогикалық.

6M072900 – Құрылыс мамандығының  магистратура түлегіне «Құрылыс магистры» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызмет істеудің объектілері болып табылады:

- ғылым-зерттеу ұйымдары, оқу ұйымдары, басқару және құрылыс өндірісін жоспарлау ұйымдары, өнеркәсіптік, азаматтық, көліктік, гидротехникалық ғимараттар мен үймереттер, зауыттар

- құрылыс құрылымдары, бұйымдар мен құрылымдар, өнеркәсіптік, азаматтық және табиғи қорғау объектілерді жылу-газбен қамту жүйелері, желдету, сумен қамту және су әкету.

6M072900 – Құрылыс мамандығының магистры төмендегі қызметтер жұмыс атқара алады:

- басқару және құрылыс өндірісін жоспарлау ұйымдарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми қызметкері;

- зерттеуші, оқу-әдістемелік ұйымдардың кеңесшісі;

- дайындық бағыты бойынша орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқытушысы.

Кәсіптік қызметтің түрлері. Магистартура түлектері келесі кәсіптік қызметті атқара алады:

  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • сервисті-пайдаланымдық;
  • құрылымдық-жөңдеу;
  • есептеу-жобалық;
  • эксперименталді-зерттеулік;
  • білім беру (педагогикалық).

Оқу мерзімі -2 жыл.

Байланысу ақпараты:

 «Үймереттер, ғимараттар және көліктік коммуникациялар құрылысы» кафедрасы, Г-2-402, Г-2-419 тел. 540-735, тел/факс 540-920