Инновацияларды дамыту

Кафедраның тапсырмасы – мамандандырылған кадрларды әзiрлеу, «Университет-Технопарк» үлгiсi бойынша қолданбалы ғылымның дамуы және Шығыс Қазақстан өлкесiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және шекаралас аумақтарға белсендi әсер ету.

Өз тапсырмасын орындау үшін «Құрылыс материалдары, стандарттау, сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедрасы меншікті жүйелерін және оқытушылық құрамнын жетілдіреді; iздестiру жүйесін кеңейтедi және қосымша қаржыландыру көзін қарастырады; материалдық-техникалық базаны жетiлдiредi; қазiргi ақпараттық ортаны құрады.

Қазіргі уақытта инновациялық технологияларының енгiзуiне және оқу үрдісін белсендіруге үлкен ықылас бiлдiредi: жобалық-ұйымдастырылған және жеке-бағытталған үйренулер,  қашықтықтан оқыту технологиялары, бағдарламалық өнімдер, электронды құралдар, қазiргi демонстрациялық құралдар, кафедраның өндірістегі филиалдары және зертханалары арқылы студенттердің практикалық дайындығына көмек.

Кафедраның зертханалық базасы

«Құрылыс материалдары, стандарттау, сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедрасының зертханалық базасы:

  • «Құрылыс материалдары» зертханасы;
  • «Инертті материалдарды, ерітінділерді, бетон және керамикалық қоспаларды сынау» зертханасы;
  • «Байланыстырғыш заттар» зертханасы;
  • «Қалдықтарды іріктеу» зертханасы;
  • «Жылуоқшаулағыш материалдарды сынау» зертханасы.