НАДОСК

НАДОСК ғылыми-зерттеу зертханасы

(Құрылыс құрылымдарының сенімділігі мен ұзақтылығы)

 

Зертхана ШҚМТУ бас ғимаратының Г-3-330, Г-3-331-дәрісханаларында орналасқан. Мекенжайы: 070010, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19. Байланыс телефоны/факс: (7232) 540-505.

Зертхананы техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ профессоры А.В. Хапин басқарады.

Хапин Александр Владимирович 1973 жылы Куйбышев ИҚИ, 1980 жылы Ленинград ИҚИ аспирантурасын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серикбаева атындағы ШҚМТУ профессоры, Қазақстан Республикасының білім үздігі. 1975 жылдан бастап, соның ішінде 1981 жылдан Шығыс Қазақстанда тексеру, күшейту және ғимараттар мен үймереттерді қайта құру мәселелерімен айналысады. Құрылыс құрылымдарын зерттеу мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми еңбектері басылып шықты. «Қазмырыш» ААҚ, Шығысмашзауыт, Зырян және Жезкенткен байыту комбинаты, Риддер ЖМЗ, Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі СЭС-і, Өскемен ТМК, Ертіс мыс балқыту зауыты және басқа да кәсіпорындардың ғимараттары мен үймереттерінің құрылыс конструкцияларын күшейту жобалары мен шешімдерін құрастыруда жетекшілік етті. Құрылыс конструкцияларының қирау себептерін анықтау сарапшысы ретінде қатысты. Байланыс телефоны: 8777 2228170.

 

Жұмыстың негізгі бағыттары

НАДОСК зертханасы ғимараттар мен үймереттерді пайдалануда апатты болдырмау және қызмет мерзімін ұзартуды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізу мақсатын және олардың техникалық жағдайымен байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау конструкторлық жұмыстарының кешенін жүргізеді. Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Әртүрлі ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларын жөндеуге жарамдылығын және техникалық жағдайын бағалау, тексеру;
  • Жиналған ақаулар мен бұзылғандардың өзгерісін ескере отырып, ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құрылымдарының тексеру есептері;
  • Ғимараттар мен үймереттерді ары қарай пайдалануды күшейту бойынша ұсыныстарды құрастыру;
  • Жұмыс сызбалары және оның сметаларымен қоса темірбетон, тас, ғимараттар мен үймереттердің металл және ағаш құрылымдарының негіздері мен іргетастарының жобаларын жасау. Жобалынған жобаларды ғылыми-техникалық іске асырудағы бақылап отыру.
  • Сейсмикалық беріктілігін бағалау, ғимараттар мен үймереттердің сейсмикалық күшеюінің жобаларын жасау.
  • Мансард құрылымдары және ғимараттың қосымша қабаттарын сейсмикалық күшейтумен бірлесе сейсмикалық қауіпсіздікті жоғарылату жобаларын жасау.

Зертхана жоғары білікті инженерлік және ғылыми кадрлармен қамтылған, ғимараттар мен үймереттерді тексеруге арналған қазіргі заманғы құралдар мен ЭЕМ жабдықталған.

Соңғы жылдары лабораториямен апаттардың салдарынан қираған ғимараттар мен үймереттерді қайта жөңдеу жобалары құрылған және жобаларды іске асыруда техникалық бақылау орындалды (көмір шаны жарылыстан кейінгі Согра ЖЭС-ның бас корпусын, өрттен кейінгі Өскемен ЖЭС-ның жанармай беру галереяларын, қираудан кейін 7 кезекті газ өту қалпына келтіру). Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу корпустарын сейсмо күшейту және қосымша қабаттардың жайүсті салынымы жобалары, "Алтай" технопарк ғимараты оқу корпустарының қасбеттерінің қайта құру жобалары орындалғын. Өскемен алаңындағы "Қазмырыш" ЖШС аффинаж бөлімшесі, балқыту цехы сияқты бірқатар өндіріс объектілерді сейсмикалық күшейту жобалары орындалып іске асырылды.

Согра ЖЭС бас корпусын қалпына келтіру

pic1
Жарылыстан кейін
pic2
Қалпына келтіруден кейін

Өскемен ЖЭС 7 кезектегі газ өткізуді қалпына келтіру

pic3
Қираудан кейін
pic4
Қалпына келтіруден кейін

Қасбеттердің қайта жаңартылуы

pic5
Қайта жаңартуға дейінгі бас корпус
pic6
Қасбетті қайта жаңартқаннан кейін

Ғимараттың сейсмикалық күшейтуі бар қосымша қабаттардың жайүсті салынымы

pic7
Г3 корпусындағы мансарда
pic8
Өткелдің үстіндегі мансарда

"Алтай" технопаркі қосымша қабаттың жайүсті салынымынан кейін

pic9