Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада үш оқу зертханасы жұмыс істейді: құрылыс конструкциялары, құрылыс материалдары және топырақ механикасы. Студенттер, магистранттар, стажер-зерттеушілер, аспиранттар мен кафедра оқытушылары зертханалық жұмыстармен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады.

Сонымен қатар кафедраның ғылыми-зерттеу және ғылыми өндірістік жұмыстары "НАДОСК", "БОСКОР", "ССО", кафедра бөлімшелері және «Алтай» технопаркі жанындағы автомобиль жолдарының пайдалану сенімділігі зертханасында іске асырылады.

1990 жылы "НАДОСК" (құрылыс конструкцияларының сенімділігі) және "БОСКОР" (тоттанумен күрес) ғылыми-зерттеу зертханасы ұйымдастырылды. Олардың жұмысының бағыты апатсыз пайдалану және қызмет мерзімін ұзартуды қамтамасыз ету бойынша шараларды жасау мақсатымен ғимараттар мен үймереттердің техникалық жағдайын бағалаумен байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау конструкторлық жұмыстардың кешенін өткізу. "НАДОСК" зертханасының ғылыми жетекшілері 1990-1994 жылдары ҚР ЖМ ҒА корреспондент-мүшесі, профессор С.Ғ.Күсепғалиев, 1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР білім үздігі, профессор А.В.Хапин. "БОСКОР" зертханасының ғылыми жетекшілері 1990-1997 жылдары профессор Н.И.Захаров, 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін  профессор В.Ю.Чернавин.

Сертификациялық сынақ орталығы (ССО) құрылыс конструкциялары, негізі мен іргетасы кафедрасының 1986 жылы сынақ зертханасынан, 1991 жылы аймақтық сынақ орталығы аттестациядан,1996 жылы ССО аккредитациядан өткен. Жұмыстың негізгі бағыты – сертификациялық, арбитраждықжәне кезеңдік сынаулар, сонымен қатар құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялардың сапасын бақылау.

Ғылыми жетекшілері: сынақ зертханасында 1986-1991 жылдары доцент И.А.Титов, АСО-да 1991-1996 жылдары профессор В.Ф.Шевляков, ССО-да 1996-2001 жылдары профессор С.Ғ.Күсепғалиев, 2001-2003 жылдары профессор Т.А.Толқынбаев, 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін профессор В.Ф.Шевляков.

Зертхана және ССО қажетті ғылыми жабдықтауы қазіргі есептеу және көбейту техникасымен қамтылған.

Зертхана негізінде және көлемі жыл сайын 10 млн. астам теңгені құрайтын қаржыландырылған ғылыми-өндірістік қызметімен қатар ССО-дан басқа студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді, диссертациялық жұмыстар орындалады.

2009 жылы автомобиль жолдарының пайдалану сенімділігі  (АЖПС) зертханасында «Алтай» технопаркінде «Құрылыс-жол материалдарын өндірудің инновациялық технологиялары» аймақтық ғылыми-зерттеу зертханасының негізінде құрылған. «ОблШығысжол» мемлекеттік кәсіпорнымен бірге арнайы жұмыс бағытын негіздеуде атаулы зертхананы құрудың мүмкіндігі туды. Зертхана жетекшісі кафедраның аға оқытушысы В.Т.Савченко.

Зертхана теориялық өндірістік келісімшарт жағдайында және автомобиль жолдарының сенімділігін анықтаудың инновациялық технологияларының қолданбалы бағыттары, сонымен қатар технопарк ішінде және сыртында дайындалған автомобиль жолдары үшін материалдарды өндіру мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта зертхана 5.0 млн. теңге өндірістік келісімшарт орындауда.

Зертханаларда монолитті бетон құрылғысының жабдық астындағы салмалы опалубкалардағы дәстүрлі анкерлі бұрандалар орнына өздігінен анкерленетін бұрандалармен бекіту, жол жабындарын жөндеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі. «Алтай» технологиялық паркі жанынан құрылған конструкторлық-енгізу орталығының жұмысына құрылыс, машинажасау, ақпараттық және экономикалық бағытында оқитын студенттер қатысады.   

Кафедраның ғылыми-зерттеулік жұмысы «Ғылым және өндіріс орталығымен» тығыз байланысты. Ол 2005 жылы кафедраның оқытушы-профессорлық құрамын және кейбір мәселелерді шешіп мамандардың дайындықтарының сапасын жақсарту, ғылыми-зерттеулік және оқу-өндірістік ісінің тиімділігін арттыру мақсатымен ашылған.

Орталықтың негізгі мақсаттары:

  • құрылыс облысындағы ғылыми-зерттеулік және жобалық-құрылымдық жұмыстарды жоғары деңгейде орындау үшін, үймереттер мен ғимараттарды жөндеу, құрылыс материалдарының өндірісі;
  • құрылыс саласындағы мамандардың дайындығының сапасын жоғарылату, кәсіпорындардың мамандарын және жетекшілерін дайындау және қайта дайындау.

Орталық ісінің негізгі бағыттары:

  • үймереттер мен ғимараттардың техникалық диогностикасы;
  • құрылыс материалдары мен бұйымдарының сараптамасы;
  • құрылыс материалдары мен бұйымдарының техникалық қасиеттері мен ұзаққа шыдамдылығын оқу;
  • құрылыс материалдары өндірісінің технологиясын жасау;
  • құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар өндірісіндегі өндіріс қалдықтарын жарату;
  • ғылыми-техникалық жұмыстарды өткізу үшін сайыстарға қатысу;
  • патентке, статьялар басылымына, конференцияларға қатысуға өтініш беру;
  • ҒЗЖ оқу үрдісіне енгізу.

Орталықтың ғылыми ісі ғылыми-өндірістік қызмет көрсету үшін келісім шарт және бюджеттік қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Кәсіпорындармен ғылыми-техникалық әріптестік келісім шарт бойынша келесі кәсіпорындармен жүргізіледі: «Мост» ЖШС, «Промстрой» ЖШС, «Мостостроительная компания» ЖШС, «Бергштаин» ЖШС, «Шыгысжоллаборатория» ММ, «Испытатель-ДСМ» ЖШС, «Ульбинский металлургический завод» АҚ және басқалары, институттер: «НИИСтромпроект» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС , «ВостокОблпроект» ЖШС, В.Г.Шухов атындағы Белгород Мемлекеттік технологиялық Университетімен, РҒА Сібір бөлімінің химия технологиялары және химия институтымен келісім шарттар жасалған.

«Востокшахтострой» АҚ өндірістік цехы, Согра ТЭЦ объектілері, көпірлер, жолдар және басқа да өндіріске арналған объектілер, мәдениеттік қолдануға арналған ғимараттар, кен-байыту фабрикаларының қалдықтары тексеріледі, ТЭЦ, байланыстырғыш заттар өндірісінде табиғи шикізаттары, толықтырғыштар, ауыр және жеңіл бетондағы қоспалар, керамикалық бұйымдар зерттелді.

Жыл сайын студенттердің 25% кафедралық мембюджеттік, ҒЗЖ және СҒЗЖ келісім шарт бойынша орындайды. Ғылыми-зерттеулік жұмыстардың нәтижелері ғылыми-техникалық конференцияларда баяндалады, Қазақстан Республикасының техникалық журналдарында, жақын және алыс шет елдерде басылады. ҒЗЖ нәтижелері бойынша патенттер бар. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары курстық және дипломдық жобаларды орындағанда қолданылады, ал ең жақсылары Республикалық байқауларға жіберіледі, жақсы орындар алады.