Көліктік құрылыс

5В074500 «Көліктік құрылыс» мамандығы

Мамандандыру: «Автокөлік жолдары мен аэродромдардың құрылысы» 

im01Бұл мамандықта оқып, Сізді автомобиль магистральдары және жалпы қолданыстағы жолдарды, ауылшаруашылық, карьерлық автомобиль жолдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар жолдары, қалалық автомобиль жолдары және көшелерін пайдалану, жобалау және қайта жөндеуді үйретеді; аэродомдар, автожолдар көпірлері және құбырлары, өндірістік кешендер және өнеркәсіптік алаңдар; автожолдардың сапасын көліктік-пайдалану қазіргі замаңғы зерттеу әдістерін қолдануды дағдыланасыз.

Кәсіптік қызмет істеудің сипаттамасы:

- автокөлік жолдары, магистралдарды және қалалық көшелер мен көпірлік өтулерді жобалау;

жол объектілерін қайтадан жаңарту және құрылысты ұйымдастыру жобасын өңдеу;

- автокөлік жолдары мен аэрподромдардың құрылысы, жөндеу, қайтадан жаңарту және пайдалану;

- ғылыми орталықтарда, зертханаларда, жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметі.

Студенттер оқу барысында төмендегідей пәндерді тереңдетіп оқиды:

- жеке компьютердерді қолданумен автожолдарды жобалау;

- ЖЭЕМ- да графикалық бағдарламаларды қолданумен сызбаларды орындау;

- жаңа жол-құрылыс материалдары және автожолдар мен аэродромдар құрылысының технологиясы;

- жол-құрылыс материалдарын зерттеудің физика химиялық әдістері.

Біздің түлектер төмендегідей жерлерде қызмет атқарып келеді:

Қазақстан Республиасы мен БҰҰ-ның барлық елдерінің мекемелерінде, автожолдар мен аэродромдардың жобалаымен айналысатын құрылыс мекемелерімен фирмаларында, ғылыми-зерттеу зертханаларымен институттарында.

Мамандандыру: «Көпірлер, тоннелдер және метрополитендер құрылысы»

im02Бүл мамандықтың иесі болып, Сіз көпірлер, сым желісі, эстакадалар, көшкінге қарсы галерея, автомобиль жолдарындағы көпірлер мен тоннельдердің барлық түрлерінің құрылысымен, жобалаумен, қайта құру және пайдаланумен таңысасыз.

Кәсіптік қызмет істеудің сипаттамасы:

- көпірлер, сым желісі, эстакадалар, көшкінге қарсы галерея,тоннельдер мен автомобиль жолдарын жобалау;

-  көпірлер мен тоннельдердің барлық түрлерінің құрылысы;

-  көпірлер мен тоннельдерді қайта құру;

 - көпірлер мен тоннельдерді пайдалану;

-  ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы, орта-техникалық оқу орындарындағы (ЖОО, колледж, училище) ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.

Студенттер оқу барысында төмендегідей пәндерді тереңдетіп оқиды:

- құрылыс нысандарын жобалаудың қазіргі құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттық-есептеу жүйесі;

-  сызбаларды орындауға арналған компьютерлік графикалық пакеттер;

-  есептеу, жобалау, құрылыс және қайта құрудан тұратын көпірлер мен тоннельдердің конструкциясы;

-  қазіргі құрылыс материалдары;

-  құрылыстағы экономика, аудит, кәсіпкерлік істің негіздері, құрылыстағы маркетинг және менеджмент, қаржы және несие, инвестициялық қызмет.

Біздің түлектер төмендегідей жерлерде қызмет атқарып келеді:

Көпірлер мен тоннелдердің жобасын өңдейтін жобалық мекемелерде, көпірлерді, тоннелдерді және арнайы автокөлік және темір жолдарын қайтадан жаңартып, тұрғызатын құрылыс мекемелерінде.

Мамандық түлектері төмендегідей жерлерде қызмет атқарып келеді:

Жобалау ұйымдарында (Қаздоржоба, Казгипроцветмет), ғылыми-ізденіс орындарында (ҚаздорҒЗИ, КазНИиПИ «Дортранс»), әрт.рлі меншіктегі жол-құрылыс саласы ұйымдарында. Біздің түлектер Қазақстанның барлық аймақтарында, Ресейде, Германияда, Канадада, Израильде жұмыс істейді.

Оқуды бітіргеннен кейін көлік құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 

Барлық мамандықтар үшін магистратура бар. Оқуды бітіргеннен кейін түлектерге техника және технология магистры (оқу 1-1,5 жыл) және техника ғылымдар магистры (оқу 2 жыл) академиялық дәрежесі беріледі.

МАГИСТРАТУРА

МАМАНДЫҚ - 6М074500 КӨЛІКТІК ҚҰРЫЛЫСЫ

 

6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы аясындағы магистратураның білім беру бағдарламаларының тізбесі келесі мамандандырылуларды ескерумен жоғары оқу орнының Кеңесімен орнатылады:

6M074502 – Автокөлік жолдары мен аэродромдардың құрылысы;

6M074503 – Көпірлер, тоннелдер және метрополитендер құрылысы.

Магистратурада 6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша   кадрларды даярлау бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- ғылыми және педагогикалық;

- бейіндік.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға академиялық дәреже атап беріледі:

- ғылыми және педагогикалық магистратура түлектеріне – 6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі;

- бейіндік магистратура түлектеріне – 6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі.

Кәсіптік қызмет нысандары

6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша магистрлердің кәсіптік қызмет нысандары болып, меншік түрінен және бағыныштылығынан тәуелсіз, келесі құрылымдар табылады:

- техника ғылымдарының магистрінің: жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері; бюролар; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компаниялары, фирмалары және ұйымдары (кәсіпорындары); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компаниялары, фирмалары және ұйымдары (кәсіпорындары);

- техника және технологиялар магистрінің: жобалау мекемелері, бюролар; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компаниялары, фирмалары және ұйымдары (кәсіпорындары); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компаниялары, фирмалары және ұйымдары (кәсіпорындары).

6М074500 Көлік құрылысы мамандығы бойынша ғылымдар магистрі кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- есептік-жобалау және техникалық-экономикалық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- өндірістік-технологиялық және пайдалану;

- құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік;

- ғылыми-зерттеушілік;

- білім беру (педагогикалық);

6М074500 Көлік құрылысы мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- есептік-жобалау және техникалық-экономикалық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- өндірістік-технологиялық және пайдалану;

- құқықтық, сарапшылық және кеңесшілік;

- эксперименттік-зерттеушілік;

Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің ұзақтылығы құрайды:

- ғылыми және педагогикалық даярлау кезінде – 2 жыл;

- бейіндік даярлау кезінде – 1,5 жыл.

6M074500 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының негізгі есептері болып табылады:

- ғылыми және педагогикалық магистратура кезінде – ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау, меншік түрінен және бағыныштылығынан тәуелсіз жұмыс істеуі үшін: жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінде; бюроларда; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында);

- бейіндік магистратура кезінде – бейін бойынша мамандарды даярлау, меншік түрінен және бағыныштылығынан тәуелсіз жұмыс істеуі үшін: жобалау мекемелерінде; бюроларда; құрылыс, көліктік-коммуникациялық, құрылыс-жол, тау-кен қазу, мұнай-газ және әскери кешендерінің компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында); экономиканың басқа да инфрақұрылымдарының компанияларында, фирмаларында және ұйымдарында (кәсіпорындарында).

Байланысу ақпараты:

 «Үймереттер, ғимараттар және көліктік коммуникациялар құрылысы» кафедрасы, Г-2-402, Г-2-419 тел. 540-735, тел/факс 540-920