Энергетика факультеті

Энергетика факультеті 2018 ж. 02 тамызынан бастап  «Энергетика» кафедрасының ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінен ажырау нәтижесінде құрылған.

Факультеттің алғашқы деканы «Болашак» президенттік бағдарламасының түлегі, энергетика кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, доцент – Ақаев Айбек Мұратбекұлы болып тағайындалды.

Энергетика - адамның шаруашылық-экономикалық іс-әрекетінің аймағыі, барлық түрдегі энергия ресурстарын түрлендіруге, таратуға және қолдануға қызмет ететін үлкен табиғи және жасанды кіші жүйелер жиынтығы. Оның мақсаты - бастапқы, табиғи, энергияны екінші, мысалы электр немесе жылу энергиясына айналдыру арқылы энергия өндірісін қамтамасыз ету.

Факультетте 3 бакалавриаттың, 4 магистратура мамандықтары және 1 докторантура мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі.

Факультет түрлі энергетикалық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда, соның ішінде «Қазцинк» ЖШС, «ВК РЭК» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Өскемен СЭС» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС қажетті мамандарды дайындайды.