Dáýlet Serikbaev atyndaǵy Shyǵys Qazaqstan memlekettik tehnıkalyq ýnıversıteti

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы келесі бағыттар арқылы жүзеге асады:

  • Мемлекеттік тілді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асуы;
  • Жеке тұлғаның денсаулығы мен физикалық жетілдіру;
  • Этикалық және рухани-мәдени тәрбие;
  • Студенттердің тарихи қалыптасу түйсігі және патриоттық тәрбие;
  • Құқықтық тәрбие, құқықтану, азаматтық тәрбие жауапкершілігі.

Мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік тілді дамыту мақсатында факультет оқытушылары мен студенттері әр түрлі деңгейдегі іс—шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар Жамбыл атындағы театрға  қазақ тіліндегі қойылымдарына, Өскемен қаласына гастрөлдік сапармен келген қазақстандық театр актерлерінің және эстрада әншілерінің концерттік бағдарламаларына жиі барады. Факультет қызметкерлері жыл ішінде мемлекеттік тілді екі деңгейлі курстарда оқиды.

Факультетте жеке тұлғаның денсаулығы мен физикалық деңгейі оқытушылардың және студенттердің университет ұйымдастыруымен өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысуы арқылы жүзеге асады. Факультет студенттері  әр түрлі спорт үйірмелеріне қатыса отырып, спартакиада, универсиадаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Топ кураторлары жыл көлемінде студенттер үшін нашақорлықтың және шылым шегудің зияндылығы жөнінде фильм көрсетуді ұйымдастырып, денсаулық сақтау орталығының дәрігерлерімен кездесу және тағы да басқа шараларды өткізеді. Жыл сайын факультет «ШҚМТУ студенттері салауатты өмір салты үшін» акциясына белсене ат салысады.

Факультеттте этикалық және рухани-мәдени тәрбие студенттердің заманауи өмірге оң көзқарасын, адамсүюді, адамдардың ортақ құндылығын етене түсіну мақсатында өткізіледі. Мәдени-эстетикалық тәрбиенің негізі студенттерді ауқымды түрде өзін-өзі дамытуға қызығушылығын арттыру, әр түрлі жанрлармен танысуға тарту болып табылады.

Әр жыл сайын біздің студенттер университет қабырғасындағы және қалалық деңгейдегі «Білім күні», «Студент атану», «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «КВН Чемпионаты», «ШҚМТУ аруы», «Наурыз-думан» сияқты әр түрлі акциялар мен мәдени іс-шараларға қатысады. Осындай мәдени іс-шаралар жеке тұлға деңгейінің дамуына, патриоттық және азаматтық тәрбиеге, университеттің тарихи-мәдени дәстүрінің сақталуына ықпалын тигізе отырып, одан әрі дамуына бірден бір себепкер болары анық. 

«Сәулет өнері және дизайн» кафедрасының студенттері факультет және университет қабырғасында өткізілетін іс-шаралардың  безендірілуіне, мекемені әсемдеуге  ат салысады.

Студенттердің тарихи қалыптасу түйсігі және патриоттық тәрбиесі патриоттық сезімге баулуға, сыйластыққа және өзінің ЖОО-на, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілікке, азаматтыққа, ұлттық өзін-өзі тануға бағытталған. Факультетте тәрбие жұмысының бұл бағыты мемлекеттік мейрамдардың өткізілуіне қатысуға, мемлекеттік символдармен етене танысуға, заңдарға, Қазақстан Республикасының дамуына бағытталған басқа да акттарға және бағдарламалық құжаттарға негізделген. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесу, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын талдау, Жамбыл атындағы драма театрына, этноауылға бару дәстүрге айналған.

Факультет студенттері пікір-сайысшылар клубы, көшбасшылар мектебі сияқты  қоғамдық ұйымдарға қатысады. Сондай-ақ  «Жас-Отан» партиясында жетекші рөл атқарады.

Факультет студенттері бекітілген графикке сәйкес күз және көктем айларында белгіленген аумақтарында тазалық жасауға да белсенділік танытады.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Конститутциясы Күні және Бірлік күнінде факультеттің оқытушылары және студенттері «Мен – Қазақстан патриотымын!» ұранымен жастар шеруіне қатысады.

Құқықтық тәрбие, құқықтану, азаматтық тәрбие жауапкершілігі мақсатында факультетте құқықтық тәрбие және құқық бұзушылық шарасының алдын алу  комиссиясы жұмыс жасайды.

Топ кураторлары топ үлгерімін, сабаққа қатысуын, жатақханада немесе жалдамалы  баспанада тұратын студенттердің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес «Кафедра күндерін» №3 жатақханада ұйымдастырып өткізеді.