6B07111 - Автомобильдер және инновациялық технологиялар

Таңдау бойынша тестілеу пәні - физика

Бейіндік пән - математика

6B07111 "Автомобильдер және инновациялық технологиялар" білім беру бағдарламасы бір-бірімен байланысты салалардағы (салааралық/пәнаралық тәсіл негізінде) ғылым мен технологияның жетістіктерін тарта отырып, ғылымды қажетсінетін жобалау және энергия-ресурс үнемдеу арқылы автомобиль және оның агрегаттарын, түйіндері мен құрауыштарын өндіру бойынша білім мен іскерлікті меңгерген, технологиялық процестерді ұйымдастырудың, ретке келтірудің және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етудің тәжірибелік дағдыларына, учаскелерде, цехтарда және жалпы кәсіпорында өндірісті басқаруды жүзеге асыру шеберлігіне ие инновацияға бағытталған маманды дайындауға арналған.

Бұл ретте қалыптастырылады:

  • Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің жұмысын стратегиялық басқару және жетекшілік ету дағдылары; 
  • Автокөлік құралдарын өндіру, сынау, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиялық процестерін білу;
  • Автокөлік құралдарын құрастыру және жобалау, автокөлік құралдарын өндіру, сынау, диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтар саласындағы білім;
  • Автокөлік құралдарының өмірлік циклінің технологиялық процестерін іске қосуға, ретке келтіруге және басқаруға дайындық дағдылары; 
  • Автокөлік құралдарының және олардың сервисіне арналған технологиялық жабдықтардың жарамды жағдайын қолдау үшін қажетті құзыреттер. 

6B07111 "Автомобильдер және инновациялық технологиялар" білім беру бағдарламасының түлектері бөлім бастығы; инженер-конструктор; инженер-технолог; автомобильдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер; инженер-механик лауазымын атқара алады.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары ҚР барлық меншік түріндегі кәсіпорындары болып табылады:

  • автомобиль жасау зауыттары,
  • автотехникалық орталықтар,
  • жаңа автомобильдерді, олардың бөліктері мен керек-жарақтарын сату бойынша автосалондар,
  • автомобиль техникасын диагностикалауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар,
  • фирмалық және дилерлік автомобиль орталықтары,
  • автожөндеу кәсіпорындары,
  • автомобиль техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар,
  • конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдар,
  • автомобиль техникасына арналған компоненттерді дайындауды және құрастыруды жүзеге асыратын зауыттар,
  • машина жөндеу кәсіпорындары.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін "ҮМЗ" АҚ, "РОСТ" ЖШС, "УК ТМК" АҚ, "Қазмырыш" АҚ, "АЗИЯ-АВТО" АҚ, "БИПЭК АВТО" ЖШС, "СемАЗ" ЖШС, "Восток МПП" ЖШС, "Үлбі-Транспорт" ЖШС кәсіпорындарымен, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларымен көшпелі сабақтар, оқу және өндірістік іс-тәжірибе өткізу туралы бірлескен ынтымақтастық шарттары жасалды.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 7 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады. Студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады.  Біздің студенттеріміз Д. Серікбаев, Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақыға, Конрада Аденауэр атындағы қордың шәкіртақысына үнемі ие болып келеді.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Серіктес ЖОО: Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ) Мәскеу қ., Ресей, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті, Вроцлав қ., Польша, Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша.

Мамандық бойынша Республикалық пәндік олимпиадаларда студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

Оқу кезінде біздің студенттеріміз университет өміріне белсенді түрде қатысады, сонымен қатар көптеген спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға университет атынан қатысады.

Басқа қаладан келген студенттер үшін жатақхана бар. Оқытушылар жатақханадағы студенттермен үнемі тақырыптық кездесулер өткізіп отырады.

Студенттер әскери кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша білім алуда:

  • Бронетанктік техниканың базалық машиналарын пайдалану және жөндеу,
  • Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу,
  • Жердегі, реактивті танк және өздігінен жүретін артиллерияның материалдық бөлігін пайдалану және жөндеу.

Бітіргеннен кейін білім алушыға 6B07111 "Автомобильдер және инновациялық технологиялар" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектер 7М07107 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары"мамандығы бойынша ШҚМТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.