6B05303 – Инженерлік физика және материалтану

Таңдау бойынша тестілеу пәні - физика

Бейіндік пән – математика

6B05303 – «Инженерлік физика және материалтану» (Техникалық физика) білім беру бағдарламасы  ғылым және техника саласы болып табылады, құралдар жиынтығын қамтитын, адам қызметінің әдістері мен тәсілдері, зерттеулерге байланысты, әзірлеумен, жаңа материалдарды жасау және пайдалану, технологиялар, аспаптар мен құрылғылар.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Физикалық үрдістерді зерттеудің эксперименталды әдістерінің мәнін түсіну үшін қажетті білім алушының білімін қалыптастыру үшін жағдай жасау және осы білімді белсенді қолдана білуді ұйымдастыру.

«Инженерлік физика және материалтану» білім беру бағдарламасының түлектері лаборатория бастығы; лаборатория бастығының орынбасары; инженер-зерттеуші; инженер-лаборант; ғылыми қызметкер; инженер-оператор; инженер лауазымдарын атқара алады.

Кәсіби қызмет саласы: Жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.

Кәсіби қызмет объектісі:

  • физикалық процестер мен құбылыстар;
  • физикалық және физикалық-технологиялық аспаптар;
  • жүйелер мен кешендер;
  • ғылыми-зерттеу, ғылыми–өндірістік, жобалау-конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру-басқару қызметі.

Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:

  • кәсіби қызмет объектісінің бейініне сәйкес жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
  • физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану;
  • математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
  • жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді қолдану;
  • жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
  • жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
  • ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау.

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

  • ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
  • кәсіби этика кодексін сақтау;
  • өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
  • ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін "АЭИ ҚР ҒЯО" АҚ, "ҮМЗ" АҚ, "ТехноАналит" ЖШС және басқа да кәсіпорындармен бірлескен ынтымақтастық және іс-тәжірибелік базаны ұйымдастыру туралы шарттар жасалды, онда көшпелі сабақтар, оқу және өндірістік іс-тәжірибелер өткізіледі және 6B05303 – «Инженерлік физика және материалтану» білім беру бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы және 10 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті болып табылады. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланып отырады. Студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысады. Біздің студенттеріміз жыл сайын ҚР Президентінің степендиясының иегерлері болып келеді.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Серіктес ЖОО: "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті (НИЯУ МИФИ), Мәскеу қ., Ресей, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті, Вроцлав қ., Польша, Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша.

Мамандық бойынша Республикалық пәндік олимпиадаларда студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

Оқу кезінде біздің студенттеріміз университет өміріне белсенді түрде қатысады, сонымен қатар көптеген спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға университет атынан қатысады.

Басқа қаладан келген студенттер үшін жатақхана бар. Оқытушылар жатақханада студенттермен үнемі тақырыптық кездесулер өткізіп отырады.

Студенттер әскери кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша білім алуда:

  • «АБЖ мен есептеу техникасы объектілерінде ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»;
  • «Жер үсті, өздігінен жүретін және реактивті танктік артиллерияның материалдық бөлігін жөндеу және пайдалануы»;
  • «Телефондық байланыс құралдарымен қамтылған бөлімшелерді пайдалануы»;
  • «Негізгі бронетанктік машиналары техникасын жөндеу және пайдалануы»;
  • «Автокөлік техникаларын жөндеу және пайдалануы»;
  • «Жалпы әскери бөлімшелерді бөлімдерді және қосылыстарды, ұрыстық қолдануы»;
  • «Танктік бөлімшелерді бөлімдерді және қосылыстарды, ұрыстық қолдануы»;
  • «Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастырылуы».

Бітіргеннен кейін білім алушыға 6B05303 – «Инженерлік физика және материалтану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектер 7M05301 – «Техникалық физика», 7M05302 – «Материалы для ядерной энергетики», 7M05303 – «Физика», 7M05304 – «Медицинадағы аддитивті технологиялар» және 7M05305 – «Инженерлік физика және материалтану» мамандықтары бойынша Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

2019 жылы бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыру 100% құрады.