Тәрбие жұмысы

Университеттің жұмыс жоспарына сәйкес студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша, кафедрада тәрбие үрдісін  жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

1-4 курс студенттерінде кураторлық сағат түрінде тәрбие жұмысы табысты жұмыс істейді.

Кураторлық сағаттар әр түрлі тақырыптар бойынша өткізіледі. Кураторлық сағат аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру және іске асыру бойынша топтарда жұмыс жүргізіледі.

 Студенттер жыл сайын қалалық және мемлекеттік деңгейде патриоттық іс-шараларға қатысады.

Қала мұражайларына экскурсиялар, театрға, кинотеатрларға, көрмелер мен тағы басқа экскурсиялар ұйымдастырылады.

Нашақорлықпен, темекі шегумен, ЖИТС-пен күреске арналған акциялар (салауатты өмір салтына бағытталған акциялар), сондай-ақ экология мәселелері бойынша акциялар өткізіледі.

Жыл сайын кафедра студенттері университетте өткізілетін олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға белсене қатысады, сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар спорттық жарыстарға қатысады.

Студенттер университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларына белсенді қатысады,атап өтсек: "Бірінші курс таланттары", "Студенттік көктем", "ШҚМТУ күні", "Студенттер қатарына қабылдау"  атты концерттік бағдарламаларына және басқа да көптеген іс-шараларға белсене  қатысады.

Сонымен қатар  кафедра оқытушылары №3 студенттер жатақханасында тұратын студенттер арасында  үнемі әңгімелер мен дәрістер  өткізеді.

Жазғы демалыс және демалыс кезінде студенттер мен оқытушылар Бұқтырма су қоймасының жағасында,  ШҚМТУ  Д. Серікбаев атындағы «Простор» демалыс базасында  шомылуға,  қайықта және катамаранда сырғанауға  мүмкіндігі  болады.