ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Кафедрада 8 техника ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді.

Кафедрада екі бастамашыл мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша жұмыс жүргізіледі::

  • Тақырып № 0114 ҚР 00003 "Көлік ағынын зерттеу және Өскемен қаласының көше-жол желісінде қозғалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу".
  • №48-08 тақырып - "Машина жасаудағы беріктігі жоғары, тозуға төзімді материалдар мен жабдықтарды өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу".
  • №49-08 тақырып  - "Бериллий оксиді негізінде арнайы мақсаттағы керамикалық бұйымдар өндірісінің кешенді нанотехнологиясын құру".

Ғылыми жұмыстар тағы да мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Конструкциялық материалдардың тозуға төзімділігі мен беріктігін арттыру;
  • Жұқа керамикадан жасалған бұйымдарды алу үшін ультрадыбысты қолдану;
  • Беттік-белсенді полимерлерге негізделген салқындатқышты қолдану арқылы кескіш құралдардың беріктігін зерттеу
  • Электролитті-плазмалық өңдеу әдісімен беттері беріктендірілген құрылымдық материалдарды алу;
  • Аймақтың өнеркәсіптік және тұтынушылық нарықтарына көліктік – экспедициялық қызмет көрсетудің логистикалық жүйесін құру бағдарламасын дайындау және енгізу;
  •  Қалалық логистиканы дамыту бағдарламасын әзірлеу (логистика-сити);
  •  Қалаларда жол қозғалысын ұйымдастыру проблемаларын заманауи шешу;
  • Қалалардағы көлік ағындарының экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін шешудің инновациялық әдістері.

Достастық туралы келісімшарттар:

  • Моңғол мемлекеттік ғылым және технология университеті;
  • Украина ҰҒА мемлекеттік өнеркәсіп "Е. О. Патон атындағы Электропісіру Институтының тәжірибелік-конструкторлық технологиялық бюросы";
  • "Kazweld" пісіру қауымдастығымен шартқа қол қойылды. Қазақстан Халықаралық пісіру институтына (ХПИ) кірді.
  • Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ.),
  • Мәскеу мемлекеттік жол - автомобиль техникалық университетімен (МАДИ),
  • Пермдік ұлттық зерттеу политехникалық университетімен,
  • Сауда – саттықтың тәжік мемлекеттік университетімен (Душанбе қ.),
  • В. А. Трапезников атындағы басқару мәселесі институтымен, РАН (Мәскеу қ.),
  • СибАДИ (Омбы қ.),
  • Н. Исакова атындағы Қырғыз сәулет,  көлік және құрылыс мемлекеттік, университетімен  (Бішкек қ .),
  • Сібір федералды университетімен,
  • Вроцлав техникалық университетімен (Польша, Вроцлав қаласы, механика факультеті).

Сонымен қатар ғылыми зерттеу тақырыптар Шухова атындағы Белгород Мемлекеттік Техникалық Университетімен және Сібір Федералдық Техникалық Университетімен келісілген.

Кафедра оқытушылары әрдайым әртүрлі симпозиумдар мен конференциялар жұмысына қатысады, олар Республика ішінде (Астана, Өскемен, Алматы, Шымкент) және шет елдерде де (Пенза – РФ; Днепропетровск – Украина, Прага - Чехия)  ұйымдастырылады.

Оқытушылармен көптеген жаңашылдықтарға патенттер жасалынған.

2000 ж. бастап 6М090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1,5 және 2 жылдық магистратураға дайындау жүргізіледі.

Кафедрада 2008 ж. 1,5 және 2 жыл оқу бағдары негізінде  6M071200 – Машинажасау мамандығы бойынша магисиратура ашылды. 11 бітіруші тапсырыс беруші зауыттар негізінде магистерлік диссертацияларын қорғады.

Магистратураның бірінші түлектеріне «Машинажасау»
мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистері академиялық дәрежесі берілді

14-МТМ-2 тобының магистранттарының Польша, Вроцлав қаласы, Вроцлав политехникалық университетінде шетелдегі сынау мерзімін өтті. Сынау мерзімі 2013 жылдың «1» желтоқсаннан «14» желтоқсаны аралығында өтті.

14-МТМ-1, 14-МТМк-1 тобының магистранттары Вроцлав техникалық университетінде шетелдiк ғылыми-зерттеу сынау мерзiмiн (Польша, Вроцлав қ., механика факультеті, көлік кафедрасы, 20 қарашадан 5 желтоқсан аралығы 2015 ж.) және Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік университеті 5 желтоқсан мен 10 желтоқсан 2016 ж. (Ресей, Барнаул қ.) өтті.

Іс-сапардың мақсаты:

  • Университеттiң ғылыми-зерттеу зертханаларымен және зертханалық жабдықтармен танысу;
  • Жаңа зерттеу әдiстерiнiң методикасын үйрену;
  • Магистерлiк диссертациясының тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын орындау.

Нәтижесінде: ғылыми жұмыс үшiн материалдар және сертификаттар алынды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау» кафедрасы мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау технологиясы» кафедрасы «Машинажасау» мамандығы бойынша жоғары мамандандырылған кадрларды дайындау аумағында көп жылдар бойы қызмет етеді, соның ішінде т.ғ.д., профессор Шеров К.Т. және т.ғ.к., доцент Муравьев О.П. магистранттардың магистрлік диссертацияларына пікір берушілер болып табылады. Болашақта машинажасау аумағында өзара бірлескен ғылыми жобаларды орындау жоспарлануда.

2014 ж. 11-25 қазан аралығында "Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біз шетелдік ғалым, инженер-докторды (Dr.Ing.Dr. h.c. Ильменау техникалық университетінен (TechnischeUniversitätIlmenau) (Германия) Цохер Петер-Клаус Вальтера (ZocherKlaus-PeterWalter) шақырдық.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi бағыты барлық сұрақтары толығымен қамтылады, көлiк - логистиялық қызметтердi жүйелі дамуға қатысты ұйым және жол қатынас қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етеді.

Кафедрада ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді:

Автомобиль отындары мен майларын сертификаттаудың ғылыми-өндірістік орталығы («АОмМС» ҒӨО). Ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатында кафедра «Қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығымен», «ШҚО ІІБ Жол полициясы басқармасымен», «ШҚО бойынша көлікті бақылау комитетімен», «Республикалық Жол жүріс қауіпсіздігінің ғылыми-зерттеу орталығымен», «АЗИЯ-АВТО» АҚ-мен ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық туралы шарттар жасасты.