Тәрбие жұмысы

ТМжЖ кафедрасының мамандығының әрбір академиялық тобының тәрбие жұмыс жоспарына сай құқықтық тәрбие, құқықтық әдістемелік ақпараттық қамтамасыз етіледі.Әрбір академиялық топқа университет бұйрығымен кураторлар және жетекшілер тағайындалады. Жыл есебі бойынша кураторлар (жетекшілер) аттестациядан өтеді.

Тәрбие жұмыс мәселелері факультет және кафедра отырыстарында қаралады.

Өзін-өзі жетілдіру барысында университетте әр түрлі пікірталастар өтеді, клубтар, спорт секциялары, көркем өнер ұйымдары қарастырылған (1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, және т.б.). Кәсіпқой маман шақырылып әр түрлі психологиялық ойындар өткізіледі. Студентер университетің әр түрлі шараларына белсенді қатысады, олар: 1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, және т.б. ТМжЖ кафедрасында «ТЕХМАШ» тобы бар.

Кәсіби мамандардың қытысуымен әр түрлі психологиялық ойындар өткізіледі. Студенттер университеттің өміріне белсенді қатысады. 1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, ашық есік күндері және т.б. Студенттер концерт даярлайды, оған энергетикалық компаниялардың бас мамандары, жетекшілері шақырылады.

ТМжЖ кафедрасының мамандықтарының студенттері университетте жаряланған олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға және облыстық, республика көлемінде спорт жарыстарына қатысады. Студенттерге мемлекеттік гранттарға, ҚР президентінің стипендиясына, Болашақ стипендиясына, университет Ректорының стипендиясына, мемлекеттік бағдарлама грантарына ие болу үшін конкурстарға белсенді қатысады.

Жыл сайын студенттерге мемлекеттік гранттарға, ҚР президентінің стипендиясына, Болашақ стипендиясына, Қазкомерцбанктің стипендиясына, университет Ректорының стипендиясына, мемлекеттік бағдарлама грантарына ие болу үшін конкурстарға қатысуға мүмкіндік беріледі.

«Қазақстан - 2030» ҚР Президентінің жолдауымен салауатты өмір салтын сақтау мақсатын іске асыру барысында, «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында факультеттің оқу-тәрбие жоспарына сай денсаулық күні, СПИД-ке, нашақорлыққа, шылым шегуге қарсы акциялар жүргізіліп отырады.

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатымен кураторлар: «Тәуелсіздік күні», «ҚР мемлекеттік символдар күнін», «Наурыз мейрамы» және т.б. мерекелерге арналған кураторлық сағаттар жүргізеді. Студенттер «Тілдер апталыға қатысады», тарихқа және мемлекеттік символикаға арналған олимпиадаларға қатысады.