ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның ғылыми жұмыстарының негізгі «Технологиялық және жол-құрылыс машиналар мен жабдықтарының құрылысы және жұмыс үрдістерін жетілдіру» және «Автокөлік техникасының тиімділігін арттыру» бағыты аясында материалдарды сұрыптау және ұсақтау арналған жабдықтарды, материалдарды ұсақ қылық қылып ұсақтау машиналарын жетілдіру,мобильді машиналардың гидрожетектер агрераттарының төзімділоігін арттыру, тау-кен машиналарының жұмыс органдарын және жер асты кен орындарының пневмоэнергия кешендерін жетілдіру, автокөлік техникасының пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, машина мен механизмдердің сенімділік деңгейін көтеруде жетілдірілген үлгілеу тәсілдерін жасау бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

Зертханалар тізімі: кафедрада ғылыми-өндірістік іс-әрекеттер аясында  заңды және жеке тұлғаларға автокөлік құралдарын сынақтан өткізу және диагностика жасау бойынша (ЭТОРА) және мұнай өнімдеріне сынақ жасау бойынша (САТиМ) зертханалары бар.

Жобалар тізімі:

  • Сусымалы материалдардың жаңа өңдеу тәсілдерін пайдалану арқылы үгіту және сұрыптау технологиясы.

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясымен қатар, шет елдік Германия Федеративті Республикасымен Отто-фон-Гуэрике атындағы Магдебург Университетінің ірі ғылыми орталықтары мен берік ғылыми байланыс орнатып оны қолдайды. Вроцлав политехникалық университімен (Вроцлав қ., Польша) байланыс орнатылған.

Студенттер, магистранттар және докторанттар академиялық мобильность бойынша әлемнің кез келген университетінде білім ала алады. Сонымен қатар, факультеттің магистранттары мен PhD докторанттары өз қалаулары бойына Еуропа, Америка, Жапония және басқа мемлекеттердік алдыңғы қатарлы ЖООнда тегін ғылыми тағылымдама өте алады.

Факультет бакалаврлары, магистранттары және докторанттары еуропаның Германия және Польшаның алдыңғы қатарлы ғалымдарының дәрістерін тыңдап, бірлескен ғылыми зерттеулер, семинарлар мен конференцияларға қатысты.