ҒЗЖ және халықаралық ынтымақтастық

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра мамандығы базасында «FUTURUM» оқу-өндірістік орталығы жанындағы экологиялық қауіпсіздік зертханасына кіретін «Су ресурстары секторы» жұмыс істейді.

«Су ресурстары секторы» ғылыми жетекшісі т.ғ.д., ШҚМТУ профессоры Колпакова В.П.

«Су ресурстары секторы» табиғи және ағынды суларды тиімді пайдалана отырып тазартумен байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстар кешенін орындайды:

  1. Іздестіру жұмыстары, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерінің ғимараттарын жергілікті жағдайларға бейімдеу үшін бастапқы деректерді жинау; 
  2. Елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындарға арналған сумен жабдықтау және суларды бұру жүйелерінің құрылыстарын салу және қайта жаңартуға техникалық құжаттаманы жобалау және әзірлеу;
  3. Жобалау-сметалық құжаттаманы бақылаушы және сараптамалық ұйымдармен келісу; 
  4. Әзірленген жобалар бойынша СжК жүйелерінің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
  5. Сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары мен жүйелерін пайдалануға беру бойынша іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу;
  6. Тапсырыс берушінің қызмет көрсету қызметкерін өндірістік-техникалық оқыту;
  7. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің ғимараттары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету; 
  8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған бекеттері мен ғимараттарын жаңғырту; 
  9. Су нысандарын ластаушы заттар төгінділерінің көздеріне түгендеу жүргізу.

«Су проблемалары» ҒЗЖ орындалатын барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша жүргізіледі. Барлық ҒЗЖ нәтижелері өндіріске енгізіледі.

Өткізілетін ғылыми-техникалық конференцияларға ПОҚ-ның 15-тен астам адамы қатысады, ұсынылған жұмыстардың 20-30 тезистері мен материалдары жарияланады.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсына жыл сайын 2 жұмыс жіберіледі.

2018 жылы «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының студенттері «Тиімді микроорганизмдер технологиясын қолдану бойынша зерттеулер» тақырыбы бойынша «Eco-Talk 2018» жобалар байқауына қатысып, 3 орынға ие болды.

 

Студенттер оқу практикасын өту кезінде оқу-ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырмалар орындайды, барлық дипломдық жобалар мен жұмыстарда СОЗЖ элементтерін қолдану ескеріледі.

Кафедра жанында мамандандырылған зертханалар бар:

  • «Сорғы станциялары» (Г-2-107).
  • «Жылыту жүйесі» (Г-2-116).
  • «Гидравлика» (Г-2-117).
  • «Орман ресурстары және орманшаруашылығы» (Г-2-415).

Халықаралық ынтымақтастық

СжОР кафедрасы жақын және алыс шетелдің ЖОО-мен байланыстарын қолдайды.

"Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту" бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Су және орман ресурстары" кафедрасының ғылыми бағыттарының ерекшелігіне сәйкес 2012-2015 жылдары Германия, Моңғолия және Ресей ғалымдары шақырылды. Ғалымдар топтар мен академиялық топтарда орыс тілінде дәріс оқыды.

Шетелдік ғалымдарын тарту бағдарламасы бойынша кафедрада «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша дәрістер оқытылды, студенттер, магистранттар мен кафедра оқытушылары үшін семинарлар өткізілді, 2013 жылы қазанда шетелдік ғалымдары:

 

  • PhD Барбара Януш-Павлетта (Қазақстан-неміс университетінің профессоры),
  • Marek Bergander (University of Hatford профессоры),
  • Budrymowicz Dariusz Jozef (Польша ғылыми академиясының профессоры).

 

Олардың сапары кезінде грантты қаржыландыруға бірлескен өтінім дайындалды. 

Кафедрада ынтымақтастық туралы келісімдер бар: 

 

  • Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен,
  • Алтай мемлекеттік техникалық университетімен,
  • Тынық мұхит мемлекеттік университетімен (Хабаровск қаласы).

 

Студенттер мен магистранттарды алмасу туралы келісім жасалды. 2015 жылғы сәуірде кафедра магистранттары НМСҚУ-нен тағылымдамадан өтті. Ағымдағы жылы Томск политехникалық университетімен және Новосібір мемлекеттік су транспорты академиясымен келісім жасалды. Осы оқу орындарының қызметкерлері бірлескен ғылыми зерттеулерді орындап, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады.

Кафедраның үздік студенттері жыл сайын Новосібір (Ресей) қаласында өндірістік іс-тәжірибеден өтеді.