FOUNDATION дайындығы

Д. Серикбаева атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті  (ШҚО, Өскемен қаласы) білім алушылардың FOUNDATION бағдарламасына Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлт өкілдерін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірген шетел азаматтарын қабылдайды.

FOUNDATION бағдарламасында оқыту күндізгі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Жалпы білім беру дайындығында оқыту деңгейін арттыру бойынша кешенді тестілеу екі пән бойынша жүргізіледі: "Қазақ тілі" немесе "Орыс тілі" (оқу тілі) және "Математика".

Қазақ және орыс тілін білмейтін шетелдіктер үшін кешенді тестілеу ағылшын тілінде жүзеге асырылады, қазақ немесе орыс тілін білетіндер тестілеу өз тілінде жүзеге асырылады.

Тест тапсырмаларының саны әр пән бойынша - 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір ұпаймен бағаланады. Кешенді тестілеудің ұзақтығы - 1 сағат 30 минут.

Үміткерлердің тестілеуден алынған тең баллдар кезде, артықшылық ең жоғары орташа аттестат баллы бар үміткерлерге беріледі. Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады

Кешендік тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік  тапсырыс бойынша білім алушы ай сайын стипендия алады, Студенттер Үйіне орналастырылады. Оқу жылының соңында тестілеу нәтижелері қорытындысы бойынша тыңдаушылар Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік білім гранты бойынша білім алуға құқығы бар.

Оқу жылы ішінде тыңдаушылар келесі пәндерді меңгереді:

  • қазақ тілі;
  • Қазақстан тарихын;
  • математика;
  • орыс тілі;
  • бейіндік пән (физика, химия, шет тілі, биология, география, дүниежүзілік тарих, қазақ әдебиеті);
  • бакаларвриат бағдарламасының пәндері.

Коммерциялық негізде ниет білдірген тұлғалар емтихансыз оқуға қабылданады, Студенттер Үйіне тегін орналастырылады.

 

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:

  • белгіленген үлгідегі бойынша өтініш;
  • нотариалды түрде расталған аударылған білім туралы құжат және оған мемлекеттік немесе орыс тілінде тіркелген қосымша;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған аудармасы);
  • 8 фотосурет 3x4;
  • медициналық анықтама 086-У, №907 бұйрығымен бекітілген (нарко- психдиспансер мөрімен) көшірмесі, RW-ға қан тапсыру, ВИЧ-инфекция;
  • егу картасының көшірмесі 063 аудармасымен;
  • флюорография, көшірмесі және түпнұсқасы;
  • сотталмағандығы туралы анықтама;
  • құжат тігілетін мұқаба – 1, файл – 5, конверт – 1.

Оқуға түсу үшін шетелдік азаматтар, ақылы негізде білім алушылар университет комиссия өкілдерімен әңгімелесуде өтеді (оқытылу тілінде).


Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті FOUNDATION бағдарламасына жазылу немесе толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша білуге болады:

ШҚО, Өскемен қ., Серікбаев көшесі 19 (ШҚМТУ-дің бас корпусы, каб. Г-1-209.

whatsapp whatsapp: +77774062255, +77071274373.

Банктік деректемелері "ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.Д.Серікбаев":

Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69;

ШЖҚ РМК "ШҚМТУ  Д. Серікбаев атындағы шқмту", СТН 181800000624, код (КБе) 16; р/с KZ70914102203KZ000DL, SABRKZKA, "Сбербанк" АҚ ЕБ.

«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің ұйымдастыру қызметі мен қағидалары» туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеден қарауға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007406#z9 .