Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра жаңартпашылық экономика және экономикалық білімдер теориясын дамыту мен мәселелерін шешу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Зерттеу материалдары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалып отырады, мақалалар ғылыми журналдарда жарияланады.  Ғылыми зерттеулердің негізінде алыс шетелдердегі ғылыми жариялымдар көлемі артуда.

2016 ж. қыркүйегінен студенттердің тәжірибелік дайындығы мен дипломдық жобалау жұмыстары жүргізілетін кафедраның өндірісте 8 филиалы жұмыс істейді: Шығыс-Қазақстан облысының әлеуметтік бағдарламаларын және жұмыспен қамтуды үйлестіру Басқармасы;  ШҚ әкімшілігі Әкімінің аппараты мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру  Шығыс Қазақстан Аймақтық орталығы;  ДГП "ВНИИцветмет" және «Бипэк-Авто» ЖШС; «Өскемен қ. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ негізінде; «Шығыс Қазақстан Аймақтық технопарк «Алтай» ЖШС негізіндегі «Жаңашылдық технологияларды және жобаларды коммерциялық бағалау» зертханасы; «Каравай Нан зауыты» ЖШС; Филиал «ШҚО Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы «Атамекен Одағы»» ОЮЛ филиалы.

Э.ғ.д. профессоры Ю.В. Баталов редакциясымен ұжымдық монография «Экономика ғылымдарының қалыптасуы: теориялық және әдістемелік тәсілі» басылып шығарылды, 2015 ж. (Ю.Баталов, Е.Пилипенко, Е.Колос, О.Денисова). 

Кафедра университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне белсене қатысады. Кафедраның жетекші ғалымдары келесі ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жұмыс жасайды:  «Қоғамды модернизациялау жағдайында жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістерді қалыптастыру» (ғылыми жетекші – э.ғ.д., доцент Колос Е.А); «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйелерін басқару ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде» (ғылыми жетекші – профессор, э.ғ.к. О.Н. Чикунов); «Ғаламдандыру жағдайында ұлттық зияткерлік әлеуетін арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету арқылы елдің білімдер экономикасын қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу» (ғылыми жетекші – э.ғ.д., профессор Баталов Ю.В.); «Қазақстан Республикасы аграрлық-өнеркәсіптік кешені мал шаруашылығының қайталама шикізатын диверсификациялау – ауылдық бизнес ортаның инновациялық негізі ретінде» (ғылыми жетекші – э.ғ.к., доцент Конурбаева Ж.Т.). Кафедраның негізінде «Инновациялар мен ресурс қорларын басқару» атты ғылыми-зерттеу және өндірістік зертхана қызмет етеді. 

Студенттерге, кәсіпкерлерге және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларға ақылы білім және кеңес беру қызметтерін көрсетуге арналған «ЭКОНОМ» оқу-кеңестік орталығы  ұйымдастырылған.

2014-2015 оқу жылдары 55 студенттер мен магистранттар конференцияға қатысты.

2016 жылдың наурызында 5В050600 «Экономика» мамандығы бойынша Алматы қ. Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетінде VIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші туры өткізілді. Бизнес-леди  студенттік командасы Е.Водянова, Р. Классова, А. Кобенко (жетекшісі – доцент Суйеубаева С.Н.) 2-орынды иеленді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ұйымдастырлған«Инновациялық идеялардан жүзеге асыруға дейін» атты тақырыптағы VIII Республикалық студенттік олимпиадасына «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандығының студенттері 2016 жылдың 31 наурызында қатысып қайтты.

5В050700 – Менеджмент мамандығының студенттері: Мұратбекова Е. М., Еңсегенов Е. Е. , Құмарқанов   Т. Ж., Еркебаева Р.Д., Өмірзақ Т.Е.; 5В051100 – Маркетинг мамандықтарының студенттері: Куковская А.В., Тузикова О. С., Жанатқызы Т., Сейткожинова Л. Е. жетекшісі -  Рахимбердинова Мадина Умаргалиевнамен барып қайтты.