5В050600 «Экономика»

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасында 5В050600 «Экономика» мамандығы бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі.

«Экономика» білім беру бағдарламасының екі оқу траекториясы бар:

  • материалдық өндіріс саласындағы экономика;
  • электрондық бизнес экономикасы.

«Экономика» білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімдері:

  • күндізгі оқу нысаны түрінде:
    • орта білім негізінде – 4 жыл;
    • орта арнайы білім негізінде – 3 жыл,
  • сырттай оқу нысаны түрінде:
    • арнайы орта білім негізінде – 3 жыл;
    • жоғары білім негізінде – 2 жыл.

5В050600 "Экономика" мамандығы түлектерінің тәмамдағанда алатын академиялық дәрежесі: экономика бакалавры.

Білім беру бағдарламасының миссиясы Болон процессі қағидаттарын және заманауи сапа стандарттарын жүзеге асыру арқылы 5В050600 «Экономика» мамандығы бойынша кадрлар даярлауда ұлттық кеңістігінде көшбасшылыққа, жоғары білім беру саласында жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға қол жеткізу.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Тәрбие беру саласындағы білім беру бағдарламасының мақсаты студенттердің әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерін: мақсаттылық, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтылық, коммуникабельділік, олардың жалпы мәдениетін арттыру, толеранттылықты қалыптастыру болып табылады.

Оқыту саласындағы білім беру бағдарламасының мақсаты болып табылады:

  • қоғамның және елдің экономика саласынан жаңа заманауи білімдері бар жоғары білімді және үйлесімді дамыған мамандарға қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті болуға, еңбек нарығында және қоғамда сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік және кәсіби біліктілікке меңгеруде қажеттілігін қанағаттандыру.

Білім беру бағдарламасының міндеті түлектердің алған білімдерін шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыруды еркін кәсіпкерлік қызмет, экономика, басқару және талдау бойынша функционалдық міндеттерді орындауға әзірлігі жағдайында даярлығын көрсете білуді  қалыптастыру болып табылады; нәтижелерін іс жүзінде қолдану және өзін-өзі дамытуға ұмтылу, өзінің біліктілігін және шеберлігін арттыру.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге тиісті:

Білу:

  • экономиканың, оның салалары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жұмыс істеуіне қатысты кәсіби қызмет аясын регламенттейтін негізгі нормативтік - құқықтық құжаттарды;
  • мемлекеттік заңнамалық актілер, қаулыларды;
  • экономикалық есептерді шешу үшін математикалық талдау негіздерін, ықтималдықтар теориясын, статистиканы;
  • экономикалық теорияның негізгі ұғымдарын, категорияларды, құралдарын;
  • экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін, мемлекеттің экономикалық саясатының бағыттарын;
  • ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің заманауи тәсілдерін, ақпараттық технологиялардың негіздерін;
  • экономика дамуының макродеңгейде теориялық негіздері мен заңдылықтарды, кәсіпорын жұмыс істеуінің экономикалық тетіктерін;
  • бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін, қаржы, менеджмент, халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды.

Білу:

  • зияткерлік және мәдени даму мен жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру үшін таным әдістері мен құралдарын қолдану;
  • экономикалық үдерістер мен құбылыстарды макро - және микродеңгейлерде өзара байланысты талдай алу, мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін ұсыну және күтілетін нәтижелерді бағалай алу;
  • экономикалық агенттердің мінез-құлығын әр түрлі тараптардан (өндірістік, мотивациялық, институционалдық және т. б.) сыни тұрғыдан бағалау, кәсіптік қызмет саласындағы объектілердің даму үрдістері;
  • ақпараттарды экономикалық талдаудың негізгі және арнайы әдістерін пайдалану, ақпаратты жүйелеу және жалпылау, кәсіби қызмет мәселелері бойынша шолулар, есептер дайындау;
  • қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып, үлгілік әдістеменің негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу;
  • тиімді шаруашылық шешімдер нұсқаларын әзірлеу және негіздеу;
  • экономикалық есептерді шешу үшін пайдаланушы режимінде компьютерлік техниканы қолдана білу;
  • компьютерлік технологияларды қолдана отырып, экономикалық-математикалық модельдеу әдістерін пайдалану мен шаруашылық субъектілер қызметінің көрсеткіштерін оңтайландыру.

Дағдылары болуы тиіс:

  • арнайы экономикалық терминология мен мамандықтар лексикасын кем дегенде бір шет тілінде пайдалану;
  • заманауи білім беру технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше жаңа білімдерді игеру;
  • алдағы қызмет саласындағы стандартты жағдайларды талдау кезінде кәсіби дәлелдеме;
  • кәсіпорын және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін пайдалану және кәсіпорындардың нарықтық позициясын бағалау;
  • қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, үлгі әдістемелердің негізінде инвестициялық жобаларды әзірлеу;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін пайдалану, олардың қаржылық жағдайын, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау;
  • еңбекті нормалау әдістерін, ұйымдастыру мен еңбекақы төлеу принциптерін және ережелерін қолдану, қорларды, кәсіпорындардың шығындарын басқару;
  • жоспарлау әдіснамасын иелену, кәсіпорындар дамуының жалпы және функционалдық стратегияларды әзірлеу әдістерін пайдалану.

Теориялық және практикалық дағдыларды игеруді бекіту және жұмыстың іс жүзінде жүргізу әдістемесімен танысу үшін студенттер облыс пен қала кәсіпорындарында ұйымдастырылған өндірістік практикадан өтеді.

Кәсіби қызмет саласы: экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, консалтингтік, ғылыми-зерттеу құрылымдар, ірі компаниялар мен ұйымдар, орта және шағын бизнес, министрлік және мемлекеттік басқару органдары.

«Экономика» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауға 30-ға жуық оқытушы қатысады, соның ішінде 15 оқытушының ғылыми дәрежесі бар.