Маркетинг

Бакалавриат 5B051100 Академиялық дәреже -экономика және бизнес бакалавры.

Оқу нысаны:

  • күндізгі (мектеп негізінде) - 4 жыл;
  • сырттай (КОБ негізінде) - 3 жыл;
  • сырттай (КЖБ негізінде) - 2 жыл.

Магистратура 6M050900 Академиялық дәреже - 6М051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі. Oқу мерзімі - 1 жыл.

Академиялық дәреже – 6М051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. Оқу мерзімі – 2 жыл.

Маркетинг деген не?

МАРКЕТИНГ мамандығын игере отырып Сіз заманауи, қызықты, ең бастысы сұранысы мол мамандықты аласыз. Сонымен қатар еңбекақысы өте жоғары, мәселен жас маркетологтың еңбек ақысы $ 500-800. Маркетинг бойынша маманның еңбек ақысы – айына $ 1500-3000. МАРКЕТОЛОГТАРСЫЗ нарықта ешбір компания бәсекеге қабілеттілік пен сатып алушылар қалауының тез ауысуына төтеп бере алмайды. Тек қана МАРКЕТОЛОГ сатып алушыны түсініп, өндірісті оның сұранысына сай өзгерте алады. Компаниялардың басшылары маркетингтің мүмкіндіктері мен атаулы саланың мамандарын бағалады.   

Сонымен қатар «МАРКЕТИНГ» мамандығы PR – менеджер (қоғамдастықпен байланыс бойынша маман), мерчандайзер, бренд-менеджер, жарнама бойынша менеджер және т.б. сұраныстағы мамандықтарды игеру үшін негізгі мамандық болып табылады. Сонымен бірге сұраныстағы мамандықтар бойынша тәуелсіз зерттеулер нәтижесінде маркетинг алғашқы бестікке енеді.

«Маркетинг» мамандығы студенттерге экономика саласындағы іргелі дайындықты нарықты зерттеу және компаниялар қызметінің сұлбасымен сәйкестіру жағдайында терең білімдер алуға мүмкіндік береді.

Мамандықтың түлектері:

  • Нарықтық экономика, нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді ескере отырып кәсіпорынның барлық құрылымдарының қызметін талдау және үйлестіруді жүзеге асыру жағдайында стратегиялық, экономикалық және жедел басқару дағдыларына ие; 
  • Бәсекелестік жағдайында кәсіпорынның стратегиясын реттеу үшін қажетті аспаптарды қолдану тәжірибесіне ие. 
  • Маркетолог біліктілігіне келесілер енеді – тауардың түржинағын дамыту, баға саясатын анықтау, бөлу арналарын таңдау, коммуникациялық саясатты қалыптастыру және т.б.  

Жұмыс орны:

  • маркетингтік бөлімшелерде (бөлімдерде, департаменттерде, басқармаларда), өндіріс, қызмет, жоғары технологиялардың барлық сала ұйымдары мен компанияларында; 
  • арнайы маркетингтік, зерттеу компанияларында, маркетингтік коммуникация агенттіктерінде, жарнама агенттіктерінде, консалтингтік фирмаларда; 
  • мемлекеттік және муниципалды басқару органдары жүйесінде. 

Маркетолог мамандығы–еңбекақысы жоғары мамандықтардың бірі, үнемі дамып отыратын, сонымен қатар орыс тіліндегі баламасы жоқ жаңа бағыттар мен маманданулар пайда болуда, мәселен: бренд-менеджер, логист, мерчендайзер, промоушн-менеджер, account-менеджер, BTL бойынша маман, креативті менеджер және т.б.