Тәрбие жұмысы

2015-2016 оқу жылының басында 15-БЭК-1 тобының 1 курс студенті Ермұханбетова Ақмарал «Ой-сана» орыс тілі білгірлері Республикалық конкурсында жеңімпаз болды. 

Ағымды оқу жылы бойы  кураторлар мен тәлімгерлер студенттер ата-анасымен  байланыста болады. Сессияны табысты тапсырған, университеттің қоғамдық жұмысына белсенді қатысатын студенттер ата-анасына мақтау хаттары жіберіледі.

Әр кураторық топта кураторлық сағат жүргізіледі, сабақ үлгерімі және сабаққа қатысулары, рейтингтің қорытындысы талқыланады. Оқу жыл ішінде куратор мен студенттер келесі шараларға қатысады:

  • университеттік («Білім күні», «Студентке бағыштау», Халықаралық студенттік күніне арналған салтанатты кешке «Дарынды бірінші курс студенттері» байқау-конкурсқа, қалалық патриоттық шаралар, Қазақстандағы ынтымақтастық күніне арналған салтанатты парад, «Тоғай отырғызу» акциясына);
  • мәдени іс-шараларға;
  • «Забота» балалар үйіне қайырымдық акциясы.
  • Қысқы кезеңге  дайындалуға байланысты университет аумағына тиісті ауланы тазарту сенбіліктерге қатысу.

Жыл сайын кафедра оқытушылары біліктіліктерін жоғарылату үшін педагогикалық шеберлік курстарынан өтеді.

Кураторлық топтың студенттері факультеттің студенттік өзін-өзі басқару белсенді Кеңесіне қатысады.