Оқу үрдісін ұйымдастыру

«Энергетика және техникалық физика» кафедрасының мамандарын дайындауды қаматамасыз ету үшін 5В071800 (050718)- «Электроэнергетика», 5В071700 (050717)- «Жылуэнергетикасы»,5В072300-«Техникалық физика» мамандықтары бойынша нормативтік кешен және әдістемелік құжаттары бар.  Мамандықтарды даярлау ҚР ГОСО 3.08.344 – 2006, ҚР ГОСО 3.08.343 – 2006 мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, ЖОО-ның кеңесі бекіткен негізінде жүргізіледі.

Студенттердің білімін бақылау

2005 жылдан бастап университетте студенттердің білімін бағалау рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі. Кафедра студенттердің білім сапасын ай сайын тестік бақылау және сабақ үстінде сұрау негізінде ішкі аралық бақылау жүргізеді. Білім сапасының қорытындысы топтың кураторлық сағаттарында және кафедра отырысында талқыланады. 5В071700 (050717),  5В071800 (050718), 5В072300,6М 071700, 6М071800,6М072300  мамандығының пәндері бойынша білім сапасын бағалау рейтингтік жүйе негізінде жүзеге асады (сабақты босатпау, уақытында жұмысты орындау, аралық бақылау жұмысы).

РҚ ШҚМТУ 807-II-2012  «Студенттердің білімін аралық бақылау» және РҚШҚМТУ 808-II-2012  «Студенттердің білімін қорытынды бақылау» жұмыстарын эмтихан уақытында тәуелсіз және объективті түрде  бағалау мақсатында СМЖ департаментімен келісіліп құрастырылған.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің қорытынды білімін бақылау келесі негізгі түрде жүреді (емтихан):

  • компьютерлік тестілеу;
  • қағазда жазылған сұрақтар бойынша емтихан  тапсыру.
  • билет түріндегі емтихан

Ағымдағы және аралық бақылауды оқытушы өзі жүргізеді. Қорытынды тестілеу ЖОО-ның орталық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асады. Барлық студенттер міндетті түрде емтихан тапсырады. Оқу жүйесінің түріне байланыссыз емтихан автоматты түрде қойылмайды.

Бекітілген кесте бойынша емтхандар электрондық тестілеу түрінде компьютерлік сыныптарда өткізіледі.

Оқытушылардың кеңес беру, оқытушылардың өз ара сабаққа қатысу журналы және кафеда меңгерушісінің сабаққа қатысуын бақылау кестесі бар. Ашық сабақтар кафедра отырысында талқыланады.

Өндірістік тәжірибе

Іштей және сырттай оқу түрінің студенттері барлық оқу кезеңі аралығында өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Магистранттар даярлау бағыттарына байланысты  өндірістік тәжирибе (профильді бағыт), ғылыми-зерттеу  және педагогикалық  ( ғылыми және педагогикалық )  тәжирибеден өтеді.

Тәжірибе әсіресе  қаладағы ірі өнеркәсіптерде АҚ AES Өскемен ЖЭО, АҚ ӨМЗ, АҚ Қазмырыш, АҚ Жылу жүйесі, АҚ KEGOS, АҚ ШҚ АЭК, АҚ КЭМОНТ және т.б. 1 курс студенттері оқу тәжірибесін өту барысында жұмысшы мамандықтарын игереді: 5В071800 (050718) – «Эксплутация бойынша электромонтер және өнеркәсіптің кәсіпорнындарында электржабдықтау мен электр құрылғыларын жөндеу», 5В071700 (050717) – «Жылу жүйесі және жылу энергетика жабдықтарын жөндеу және эксплутация бойынша слесарь». Курсты аяқтағаннан кейін қабылданған үлгідегі  куәлік беріледі.

Дипломдық жобалау

Оқу үрдісін аяқтағаннан кейін әрбір студент  өз мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады және дипломдық жобалауды  жазады.

Дипломдаудың негізгі бағыттары:

  • 5В071800 (050718)  мамандығы бойынша  - электржабдықтау жүйесін жобалау, электржабдықтау жүйесін қайта жөндеу, станциялардың электрлік бөлімдерін жобалау, энергия үнемдеу, сарқылмайтын энергия көздері;
  • 5В071700 (050717) мамандығы бойынша -қазандықты жобалау, қазандық агрегаттарын есептеу, күл шығару жүйесін қайта жөндеу, энергия үнемдеу, сарқылмайтын энергия көздері

Аралық бақылауды жүргізудің ережесне сәйкес, білім мекемесінде оқитындарға  аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялауда кафедра келесі жұмыстарды атқарады: дипломдық жобалауға байланысты әдістемелік нұсқауларды дайындау және жарыққа шығару; дипломдық жобалаудың тақырыптарын бекіту; дипломдық жобалаудың (жұмыстардың) тақырыбын бекіту және жетекшілерді дайындау туралы бұйрық шығару; дипломдық жобалаудың (жұмыстардың) орындалуы туралы жопар жасау; рецензенттерді тағайындап, бұйрық шығару.

Дипломдық жобалау 100% Microsoft Word, Excel, AvtoCad, Компас,Visio бағдарламалары арқылы жүзеге асады.

Инновациялық бағыттарға зерттеулер мен өңдеулер жатады:

  • 1000В жоғары кернеуі бар электрқұрылғыларын эксплутациялауда электрқауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату;
  • Таулы өнеркәсіптерде  6-10 кВ жүйедегі біртекті тұйықталудың жерге микропроцессорлік қорғауын зерттеу;
  • 6-10\0,4 кВ тарату жүйесінде энергияның жоғалуының анализдік әдістерін анықтау;
  • Тұрғын комплекстерде жылумен қаматамасыз етуде энергиямен қаматамасыз етудің альтернативтік көздерін қолдану;
  • Электрмен қамтамасыз етудің беріктілігінің  модельдік методологиясын жасау.