Техникалық физика. Бакалавриат

Техникалық физика. Бакалавриат

5В072300 -  «Техникалық  физика»

Күндізгі бөлім бойынша оқу мерзімі: 4 жыл

Мамандандыру: Конденсациялалған күй физикасы.

Осы мамандық бiтiрушiлерiнiң кәсiби қызметiнiң саласы: зауытты  ғылыми-өндiрiстiк  лабораториялар, жоғары оқу орындарындағы  лабораториялар, ғылыми орталықтар,  түстi металлургия кәсiпорындары, машина және құрал жасау кәсiпорындары, табушы және қайта өңдейтiн өнеркәсiп кәсiпорындары, машина жасаудағы авиация мен ғарыштық салаларда, атом энергетикасында, өнеркәсiптiк және сот сараптамасы лабораториялары, кеден басқаруында.

Оқу жоспарында: компьютер бағдарлама ұлғаймалы әзiрлеуiн, физикалық материал тануды, қазiргi заманға сай  құралдар мен ғылыми-зерттеу жабдықттарын  игеру, энергия жабдықтау, жылумен жабдықтау жүйелерi, әр түрлi технологиялық жүйелер, шет тiлiнiң терең зерттеуiн ескередi.

Техникалық физика академиялық бакалавр дәрежесiн алғаннан кейiн, ШҚМТУ –нің техникалық физика кафедрасында магистратурада және PhD докторантурасында оқуға болады.

Инженерлiк профильдегі физиктерді әзiрлеудегі ерекшелiк - студенттер өндiрiстiк және диплом алдындағы тәжiрибенi келесi жұмысқа орналасу мүмкіндігімен  Қазақстан Республиканың жетекшi кәсiпорындары және ғылыми орталықтарының зертханаларында өтеді.

Оқыту үшiн Ресей, Қазақстан, Германия және Украинаның ғылыми және өндiрiстiк орталықтарымен ынтымақтастықтағы  жетекшi ғалымдарды қатыстырылады.

Маманның қызметi атом энергетикасының кәсiпорынының төңiрегiнде технологиялық және техникалық өңдеулерiнiң қазiргi табыстарымен қамтамасыз етуге, бағытталған құрал және машина жасау, табушы және қайта өңдейтiн өнеркәсiп, сонымен бiрге әр түрлi конструкциялық материалдардың қолдану кезiндегi және олардың арнайы қасиеттерiн iскерлiк сараптауын қарастырады.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы:

Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамының 53% көбі ғылыми атақ пен ғылыми дәрежеге ие. Кафедрада 14 оқытушы жұмыс iстейдi, соның iшiнде 2 физика-математика ғылымдарының докторы, профессор болса 6-ы физика-математика ғылымдарының кандидаты, доценттер.

Мамандықтың керектiгi:

Шығыс Қазақстан облысына түрлi түстi және қара металлургияның ең iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындары, машина жасау профильінің кәсiпорындары, энергетикалық кешендi кәсiпорындар құрамына кiретін және Курчатов қаласында орналасқан  iрi ғылыми орталық бар.

Жаңа инновациялық технологияларды әзiрлеу және оларды  өндiрiсiке енгізу техникалық физика саласындағы жоғары бiлiктi мамансыз мүмкiн емес.

Материалдарды таңдау және алмастыру сұрақтары, құралды таңдап алу нарықтық қатынастар жағдайында ерекше маңыздылыққа ие,себебі өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi оның өзiндiк құны және сапасымен бағаланады.Сонымен бiрге күрделi технологиялық жүйелер және техникалық өндiрiстiк циклдерді бақылап отыру жоғары бiлiктi физик-инженерлермен қамтамасыз етiледi.Осындай мамандарға сұраныс өнеркәсiп дамуымен барлық уақытта өседi.