Тәрбие жұмысы

Кафедрадағы тәрбие жұмысы ойдағыдай ұйымдастырылған. Алғашқы студенттік  қадамнан-ақ топ кураторлары студенттердің өз мамандығына деген махаббат пен мақтанышын оятады. Кафедрамен танысу іскерлік жағдайда кафедра отырысында өтеді. Студенттерге өз мамандығына деген мақтанышын арттыру жолында мынадай әңгімелесулер өтеді: “Техникалық физика мамандығын таңдаудың актуалдығы”, “ Ғылыми-технологиялық “Алтай” паркі және “Дальтек” зертханасы – қазірі мен болашағы.

Бірінші куратор сағатында топтың жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жасалған жоспарларға байланысты кураторлық сағаттар өткізілді. ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау, ашық кураторлық сағаттар

Кафедра меңгерушісі Скаков М.К. бастаған кафедра құрамы бұқаралық шараларға қатысып, күзгі және көктемгі сенбіліктер өткізеді.

Кафедра күнінде жатақханада түрлі шаралар өткізіледі. Магистранттар мен жатақхана тұрғындары арасында  КТК (КВН) ойыны, “Дені сау қыз-келіншек – дені сау ұлт”, “Спидпен күресу және профилактика” , “Ішімқорлық және оның адам организміне кері әсері” – маман дәрігерлермен бірлесе өткізілген тақырыптық кештер және басқа да шаралар.

Кураторлық сағаттар “Өзіңді оқу дәрісханасында, көшеде және қоғамдық орындарда қалай ұстау керек” атты актуалды тақырыпта өз-өзін ұстау мәдениеті жайындағы әңгімелесу тақырыптары: “ Жауапкершілік және жауапсыздық . Бұл сөздердің астары не?” , “Біздің өміріміздегі ғажайып және тұрпайылық” , “Менің елімнің тарихы – менің тарихым”. Кураторларымен бірге студенттер қоғамдық мәдени шараларға қатысады: кинотеатрға , драмалық театрға және концерттер мен мұражайларға барады. Студенттер университет ішілік спорттық  және мәдени жарыстарға белсене қатысады.

Кафедрада дін мәселесіне де көп көңіл бөлінеді. Сол себепті олармен: “Ислам және шеиттар”, “Қоғамдық жерлерде, жекелей ЖОО-да хиджаб кию керек пе?” деген тақырыптарда мамандармен бірлескен әңгімелесулер жүргізіледі.

5В071700 (050717)  және  5В071800 (050718), 5В072300 мамандығының әрбір академиялық тобының тәрбие жұмыс жоспарына сай құқықтық тәрбие,  құқықтық әдістемелік ақпараттық қамтамасыз етіледі.Әрбір академиялық топқа университет бұйрығымен кураторлар және жетекшілер тағайындалады. Жыл есебі бойынша кураторлар (жетекшілер) аттестациядан өтеді. Тәрбие жұмыс мәселелері факультет және кафедра отырыстарында қаралады.

Өзін-өзі жетілдіру барысында университетте әр түрлі пікірталастар өтеді, клубтар, спорт секциялары, көркем өнер ұйымдары қарастырылған (1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, және т.б.). Кәсіпқой маман шақырылып әр түрлі психологиялық ойындар өткізіледі. Студентер университетің әр түрлі шараларына белсенді қатысады, олар: 1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, және т.б.

Кәсіби мамандардың қытысуымен әр түрлі психологиялық ойындар өткізіледі. Студенттер университеттің өміріне белсенді қатысады. 1-ші курс талантары, КВН, студенттік көктем, ашық есік күндері және т.б. Сонымен қатар «Энергетиктер күнін» атап өту дәстүрге айналды, оған студенттер мен қатар кафедра оқытушылары қатысады. Студенттер концерт даярлайды, оған энергетикалық компаниялардың бас мамандары, жетекшілері шақырылады.

5В071700 (050717)  және  5В071800 (050718), 5В072300  мамандықтарының студенттері университетте жаряланған олимпиадаларға, жобаларға, конкурстарға және облыстық, республика көлемінде спорт жарыстарына  қатысады.Студенттерге мемлекеттік гранттарға, ҚР президентінің стипендиясына, Болашақ стипендиясына, Қазкомерцбанктің стипендиясына, университет Ректорының стипендиясына, мемлекеттік бағдарлама грантарына ие болу үшін конкурстарға  белсенді қатысады.

Жыл сайын студенттерге мемлекеттік гранттарға, ҚР президентінің стипендиясына, Болашақ стипендиясына, Қазкомерцбанктің стипендиясына, университет Ректорының стипендиясына, мемлекеттік бағдарлама грантарына ие болу үшін конкурстарға  қатысуға мүмкіндік беріледі.

«Қазақстан - 2030»  ҚР Президентінің  жолдауымен  салауатты өмір салтын сақтау мақсатын іске асыру барысында, «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында  факультеттің оқу-тәрбие жоспарына сай денсаулық күні, СПИД-ке, нашақорлыққа, шылым шегуге қарсы акциялар жүргізіліп отырады.

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатымен кураторлар: «Тәуелсіздік күні», «ҚР мемлекеттік символдар күнін», «Наурыз мейрамы» және т.б. мерекелерге арналған кураторлық сағаттар жүргізеді. Студенттер «Тілдер апталыға қатысады», тарихқа және мемлекеттік символикаға  арналған олимпиадаларға қатысады.