Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра ҒЗЖ және ғылыми-өндірістік қызметін төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

im01

  • шаруашылық-келісімшарттық жұмыстар аясында семинарлар өткізу мен консультациялық қызмет көрсету, гранттық жұмыстар кафедраның ПОҚ-мен атқарылады;
  • халықаралық және республикалық конференцияларға қатысу;
  • нновациялық жобалардың қаржы-экономикалық негіздемесі;
  • «Алтай» АҒТП тапсырысы бойынша кафедра ПОҚ.-ның дипломдық жобалау шеңберінде жұмыстар орындаулары.

Кафедрада студенттердің төмендегі ҒЗЖ үйірмелері құрылып, жұмыс істеуде:

  • Салықтар және салық салу (жетекшісі О.И.Григорьева);
  • Бухгалтерлік есеп және аудит (жетекшісі Г.А. Байтикенова);
  • Қаржы және қаржылық менеджмент (жетекшілері В.Ю.Нетесова, Е.Ю.Шапочкина);
  • Қаржыгер (жетекшілері Э.С.Мадиярова, Г.И.Джемпеисова);
  • Қаржы есептілігін талдау (жетекшісі О.В.Куур).

Мамандарды даярлауды инновациялық тұрғыдан қарап, қамтамасыз ету мақсатында «Алтай» Технопаркі мен «Бастау» студенттік бизнес-инкубаторы тапсырыстары бойынша дипломдық жұмыс шеңберінде кафедра студенттері зерттеу жұмысын орындайды.

Жыл сайын курстық және дипломдық жұмыстар конкурсы ұйымдастырылады, олардың ең үздіктері республикалық конкурсқа жіберіледі. Кафедраның студенттері оқытушылардың жетекшіліктерімен республикалық және халықаралық ғылыми техникалық және ғылыми әдістемелік конференцияларға қатысып, қорытындысы бойынша маңызды нәтижелерге ие. 

Кафедраның магистранттары мен студенттері «Жас сарапшы» республикалық, «Ақша» халықаралық банктік интернет -чемпионат жүлдегерлері, аймақтық және республикалық ғылыми студенттік жұмыс байқауларының үнемі қатысушылары.

2011 жылы «Қаржы» мамандығының студенті Каримова А. ҚР жоғарғы оқу орындар студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының жеңімпазы болып, III деңгейлі диплом иегері болды. 

2012 жылы «Қаржы» мамандығының студенті А.А. Қалдығожинов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ақылды ойын» телевизиялық интеллектуалды ойыны жартылай финалының қатысушысы болды.

2013 жылы «Қаржы» мамандығының студенттері «Есеп және аудит» мамандығының V республикалық студенттік пәндік олимпиадасында 3 орынға иеленді (Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ). Осы жылы «Есеп және аудит» мамандығының магистранты Жалелканова Н.Ж. ҚР жоғарғы оқу орындар студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының жеңімпазы болып III деңгейлі диплом иегері болды.

2014 жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенті Бірлікпаева Д.К. ҚР жоғарғы оқу орындар студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының жеңімпазы болып, II деңгейлі диплом иегері болды.

2015 жылы «1С:Бухгалтерия 8» бағдарламасы бойынша Бірінші Қазақстандық студенттердің кәсіби конкурсының аймақтық жарысында «Есеп және аудит» мамандығының студенті Малгажинова К.М. II орынға ие болды. Сонымен қатар, 2015 жылы «Есеп және аудит» мамандығының студенттері VII республикалық студенттік пән олимпиадасында «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2 орынға иеленді.

Білім беру интеграциясын, өндірісін және ғылымын тереңдету, қаржы-есептілік бағыттағы кадрларды дайындау үшін кафедрада келесідей филиалдар жұмысын атқарады: «Аудит-Инвест» ЖШС, Өскемен қ.Қаржы бөлімі, ШҚО бойынша Қаржы Департаменті, Өскемен қ. Бойынша Мемлекеттік табыстар Басқармасы, «Алатау» СК» АҚ ШҚФ, «Банк ЦентрКредит» АҚ ӨФ, «Деловая перспектива» бизнес-білім беру бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектесудің облыстық қор» ҚҚ, ШҚО бойынша Мемлекеттік табыстар департаменті, «ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ.

Филиалдарда студенттердің өндірістік жағдайларда жұмыс істеуге, коллективтерде ұйымдастырушылық жұмыс машығына үйренулеріне ықпал жасайтын практикалық және зертханалық сабақтар, шаралар өткізіледі.

Кафедра оқытушылары үнемі ғылыми конференцияларға қатысады, соның ішінде Ресей Болгария, Чехия, Польша сияқты шет елдерде интернет- конференцияларына, ғылыми зерттеу жұмыстарын Қазақстан, жақын және алыс шет елдердің атқарушы басылымдарында жариялайды. 

2011-2015 жж. ТЕМПУС - IV бағдарламасы аясында «Университеттерді стратегиялық басқару бойынша институты» (Institute for Strategic Management of Universities) ISMU 516682-TEMPUS-1-2011-1-ES-TEMPUS-JPGR жобасын орындау жұмыстары өткізілді; бағдарлама координаторы - Е.В. Варавин. 

2010-2015 жылдар аралығында жалпы сомасы 5 млн. теңге мөлшерінде 20 шаруашылық- келісімшарттық жұмыстар орындалды, оның ішінде «Бухгалтер - салықшы» жұмысшы кәсібіне оқыту бойынша семинарлар өткізілді.

2014 жылдан бастап мемлекеттік қор көмегімен «Қаржы-экономикалық және инновациялық жобаларды коммерциализациялаудың есептік аспектілері» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстары мемлекеттік бюджеттік жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылдан бастап кафедра оқытушыларымен 2 гранттық жоба бойынша жұмыстар жүргізіледі:

  • «Жасыл даму» қағидасы негізінде Қазақстан экономикасын модернизациялау: аймақтық аспект (қаржыландыру соммасы - жылына 2440880 теңге); жетекшісі -Е.В. Варавин;
  • «Қазақстан аймақтар конвергенциясын зерттеу» (қаржыландыру соммасы - жылына 2935770 теңге); жетекшісі -Е.М. Турганбаев.

2016 жылдан бастап кафедрада «Тәуекелді экономика жағдайында аймақтық деңгейіндегі нақты инвестициялар талдауының әдістемесін және әдісін кұру» тақырыбына инициативті ғылыми-зерттеу жұмысының жүзеге асыруы басталды.