Есеп және аудит

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің  «ҚАРЖЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ» кафедрасында келесі мамандықтар ұсынылады:

  • 5В050800  «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалаврлер;
  • 6М050800  «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистрлер (оқыту мерзімі 1 немесе 2 жыл)

Қаржыгерлердің дайындығы нарық жағдайындағы мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда, банктерде, сақтандыру компанияларында, биржаларда, салық және қаржы органдарында және де тағы басқа нарықтық құрылымдарда жұмыс істеуі үшін жүзеге асырыдады.

Дайындық барысында Университеттің профессорлары мен доценттерінің басшылығымен студенттер нарық жағдайындағы қаржыны басқаруды қамтамасыз ететін пәндер кешенін оқып біледі, соның ішінде:

  • Қаржылық менеджмент
  • Қаржылық есеп
  • Басқарушылық есеп
  • Бағалы қағаздар нарығы және биржалық іс
  • Статистика және ұлттық шоттар жүйесі
  • Экономикалық ақпараттық жүйелер
  • Қаржы нарықтары мен делдалдары
  • Аудит
  • Бухгалтерлік есеп принциптері
  • Дамыған қаржылық есеп
  • Ақша, несие, банктер
  • Сақтандыру
  • Банктердегі есеп және есеп беру
  • Корпоративтік қаржылар
  • Салықтар және салық салу
  • Қаржылық және басқарушылық талдау

және нарық бағытындағы басқа да пәндер. Кәсіпорын немесе ұйым жолдауымен оқуға түскен студенттерге, Тапсырыс берушінің қалауы бойынша соңғы курстарда мамандығы мен аталған ұйымның қызмет ерекшелігіне байланысты басқа да қажетті пәндерді жүргізу қарастырылған.

Университетте оқу барысында студенттер қажетті базалық компьютерлік дайындықтан өтеді. 

Аталған мамандықтардың түлектері келесі бағыттарда жұмыс істейді:

  • меншіктің барлық формаларындағы мекемелерде;
  • экономиканы мемлекеттік реттеу және басқару органдарында: Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті, Салық комитеті, ҚР статистика жөнінде агенттігі;
  • нарықтық инфрақұрылым буындарында : банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорларында және т.б.;
  • ғылыми – ізденіс мекемелерінде.

Кәсіптік қызмет пәні. Есеп және аудит бакалаврлары мекемелерде қаржылық, шаруашылық және басқарушылық қызметтерді жүргізе білуі тиіс, сондай – ақ қаржылық есеп беруді және қаржылық талдауды жасай алуы тиіс.

 

Есеп және аудит бакалаврларының кәсіптік қызметінің функциялары:

  • инвесторлар, қарыз берушілер, ішкі және сыртқы пайдаланушылар және басқарушылар тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын есептік және статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу;
  • инвестициялау және баға құру бойынша балама шешімдерді бағалау және  талдау;
  • кәсіпорындардың қызметін басқару және бақылау;
  • бухгалтерлік есептің заңнамалық, құқықтық – нормативті актілерге сәйкестігін тексеру, кеңес беру (аудиторлық және консалтингтік қызмет);
  • бухгалтерлік есепті реттейтін заңды-нормативтік актілер жасау (нормативті - әдістемелік қызмет).

Күндізгі оқу түріне толық орта, арнаулы орта  білімі бар азаматтар  қабылданады. Оқу мерзімі 4 және 3 жыл. Сырттай оқуға орта, арнаулы орта, және жоғарғы білім негізінде қабылданады. Оқу мерзімі  3 және 2 жыл. Оқуды бітірген соң  студентке  «есеп және аудит бакалавры» дәрежесімен қоса жоғарғы білім туралы диплом беріледі. Бакалвр дипломымен  сәйкес мамандық бойынша магистратураға түсуге  болады.

Оқу мерзімі:

Орта білім негізінде : күндізгі оқу – 4 жыл.

Арнаулы орта білім негізінде: сырттай оқу – 3 жыл.

Жоғарғы кәсіби білім негізінде: сырттай оқу  - 2 жыл.

5B050800 бакалавр мамандықтарының біліктілік сипаты (.pdf, 180Кб)

 

5B050900 бакалавр мамандықтарының біліктілік сипаты (.pdf, 167Кб)