Ғылыми-зерттеу жұмысы

2015 жылы келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізілуде: «Е-университеттің онтологиялық білім базасын әзірлеу», «Масштабталатын жоғары жүктеулі жүйелерге арналған ағынды бейнені талдаудың және анықтап танудың модельдері мен әдістерін әзірлеу», тапсырыс беруші - ҚР БҒМ.

pic17 pic17 pic17

pic17 pic17 pic17

Кафедра оқытушылары ТЕМПУС бағдарламаларға қатысады: «Қазақстандағы ақпараттық менеджмент бойынша магистр бағдарламасын жүргізу»; «Ресей мен Қазақстан үшін EQF (Еуропалық Біліктілік Шеңберлері) негізінде ИТК бойынша кәсіби дайындық»; «Qualification frameworks in Central Asia», project «QUADRIGA».

pic1 pic1 pic1


Қаланың жетекші кәсіпорындарының («Қазцинк» ЖШС; «Рейтинг» ЖШС; «1С-Рейтинг» ЖШС; «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы, «Сигма» ЖШС, «Фактор» ЖШС) базасында Ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының 6 филиалы жұмыс істейді.

Кафедраның барлық жетекші оқытушылары, магистранттары мен докторанттары «Табиғи және техногендік процестерді математикалық модельдеу» факультетінің бірлескен ғылыми семинарына қатысады. Семинарда магистранттар мен докторанттардың зерттеу жұмыстары талқыланады. Кафедрада ІТ-технологиялар бағыты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) ғылыми-тәдірибелік конференцияларға белсенді қатысады: «European Conference on Data Analysis 2013» конференциясы, 2013 жылдың шілдесі, Люксембург; «Enterprise Information Systems" конференциясы, 2014 жылдың сәуірі, Португалия. Кафедра қызметкерлері 2 монография, 69 оқу құралын, 136 мақала (44-і шетел басылымдарында). 2013 жылдың қыркүйегінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Ғылымдағы, техникадағы және білім берудегі есептеуіш және ақпараттық технологиялар - 2013 (ВИТ-2013)» халықаралық конференциясы болып өтті. Оқытушылар, кафедра докторанттары конференция жұмысына белсенді қатысты, 13 мақала жарық көрді.

Петербор ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен, Петербор (Ресей);ERDAS компаниясымен (Швейцария); Люблин технологиялық университетімен, Вроцлав университетімен (Польша) жасалған халықаралық ынтымақтастық туралы келісім бойынша жұмыстар жалғасын тапты. 2013 жылдың қыркүйегінде Амберг-Вайден (Германия) қаласындағы қолданбалы ғылым университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.Аталған келісімдер аясында оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер ғылыми стажировкадан өтеді және оқытылады.

pic1 pic1

Оқытушылармен алмасу аясында кафедраға келесі жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары шақырылды: Hochschule Amberg-Weiden für angewandte Wissenschaften Universitz of Applied Sciences, Германия; Люблин технологиялық университеті, Польша; РҒА СБ есептеуіш математика және математикалық геофизикаинституты, Новосібір қ., Ресей; Карлов университеті, Прага. Шақырылған профессорлар студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арнап дәрістер оқиды. Шаруашылық келісімдер тақырыбы мәселесі бойынша, магистрлік диссертациялар тақырыптары бойыншакеңестер береді, докторлық диссертациялардың кеңесшілері болып табылады.

ІТ-технологиялар бағыты бойынша ШҚМТУ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) университеті бағдарламасының келісімі бойынша базалық ЖОО болып табылады. Қазіргі уақытта Ресей мен ТМД-ның жетекші ЖОО-ларымен: Астрахань мемлекеттік университетімен, Новосібір мемлекеттік университетімен, Қырғыз құрылыс, көлік және архитектуры мемлекеттік университетімен ШЫҰУ аясында магистрлік бағдарламаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалған. Ағымдағы оқу жылында 6М070300 мамандығының 2 магистранты Новосібір мемлекеттік университетінде оқып жатыр.

pic1

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) кафедрада оқу процесінің жалғасы және тереңдетілген түрі ретінде қарастырылады және жас мамандардың теориялық, техникалық, ғылыми, ақпараттық дайындығын арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Жыл сайын «1С:Кәсіпорын»: Қазақстан Республикасындағы оқу орындарындағы кәсіби бағдарлау үдерістері және «1С:Мансап күні» республикалық конференциясы, объектілі-бағдарлы бағдарламалау бойынша Халықаралық Олимпиаданың аймақтық кезеңі және «1С» бағдарламасын қолдану арқылы дипломдық жобалардың ашық конкурсы, «Web-дизайн» аталымындағы Жастар дельфий ойындарының облыстық кезеңі өткізіледі.

Жыл сайын кафедраның студенттері мен магистранттары «Жастардың шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-техникалық конференциясына «Білім берудегі, ғылым мен техникадағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кіші секциясына қатысады.

Студенттер мына олимпиадаларға қатысты:

  • объектілі-бағдарлы бағдарламалау бойынша Халықаралық Олимпиаданың аймақтық кезеңіне;
  • ACMICPCNEERC бағдарламалау бойынша халықаралық командалық чемпионаттың ширек финалына;
  • аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына, нәтижесінде Астафьев А.В. 1 орын, Скрипникова Т.И., Бейсембаев Д. 2 орын, Канцевич А. 3 орын, Байшыбаев Д.Ж 1 орын, Мажибаева Д.Т. 1орын, Сапарбеков Ж.С. 1орын алды;
  • Жоғары және орта кәсіби білім алып жатқан студенттерге арналған ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета» Халықаралық олимпиадасының Ұлттық финалы, 2013 жылдың сәуірі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., студент Бедаш Д. (09-ВТ-1) 2 орынға табан тіреді, осылайша ол 2013 жылдың 31 мамыры мен 4 маусымы аралығында Киев қаласында (Украина) өткен Халықаралық финалға жолдаманы иеленіп, 7 орын алып қайтты.

pic1 pic1 pic1 pic1

pic17 pic17 pic17