Мамандықтар тізбесі

Кафедра:

  • Бакалаврларды:
  •   Магистрлерді:
  • Докторантура:
    • 6D070300 - Ақпараттық жүйеле

5B070300 – Ақпараттық жүйелер бакалаврларын даярлау мамандығы.

Оқыту формалары бойынша мерзімдер:

  • орта білім базасында: күндізгі – 4 жыл; сырттай – 5 жыл;
  • орта арнаулы білім базасында: күндізгі және сырттай – 3 жыл;
  • жоғары білім базасында: сырттай – 2 жыл.

Оқуды бітіргеннен кейін ақпараттық жүйелер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқытылатын пәндер:

  • ақпараттық жүйелер негіздері және кәсіпорындардың ақпараттық жүйелері;
  • деректер базалары жүйелері және деректер базаларын жобалау;
  • компьютерлік жүйелер архитектурасы және компьютерлік желілер;
  • ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау;
  • WEB технологиялар;
  • ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары және ақпараттық жүйелерді жобалау және т.б.

5B070400 – Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бакалаврларын даярлау мамандығы.

Оқыту формалары бойынша мерзімдер:

  • орта білім базасында: күндізгі – 4 жыл; сырттай – 5 жыл;
  • орта арнаулы білім базасында: күндізгі және сырттай – 3 жыл;
  • жоғары білім базасында: сырттай – 2 жыл.

Оқуды бітіргеннен кейін есептеуіш техника және бағдарламалық жасау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқытылатын пәндер:

  • бағдарамалау технологиялары, бағдарламаларды әзірлеудің инструменттік құралдары, жүйелік және қолданбалы бағдарламалау;
  • Windows, Unix, Linux ядролары базасындағы операциялық жүйелер;
  • компьютерлік желілер және есептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру;
  • ақпарат теориясы, басқару модельдері мен әдістері;
  • ақпараттық қауіпсіздік негіздері;
  • компьютерлік жүйелер интерфейстері мен Интернет технологиялар және т.б.

 6M070300 – Ақпараттық жүйелер – магистрлік даярлау бағдарламасы.

Даярлау бағыттары мен мерзімдері:

  • профильдік бағыт – 1,5 жыл
  • ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.

Оқыту формасы – күндізгі.

Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оқу мерзіміне тәуелсіз ізденушіге техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Форма обучения - очная.

pic1

6M070400 - Есептеуіш техника және бағдарламалық жасау – магистрлік даярлау бағдарламасы.

Даярлау бағыттары мен мерзімдері:

  • профильдік бағыт – 1,5 жыл
  • ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.

Оқыту формасы – күндізгі.

Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оқу мерзіміне тәуелсіз ізденушіге есептеуіш техника және бағдарламалық жасау магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

 

/files/interview_is.flv