Кафедра тарихы

1990 жылғы қыркүйек айында университетімізде алғаш рет «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы ашылды және оның бірінші меңгерушісі болып Ж.Д. Назбиев тағайындалды. 

Ал 1993 жылы жеке «Қазақ тілі» кафедрасы болып, барлық факультет мамандықтарын оқу үрдісімен қамтамасыз етті. Кафедраның алғашқы оқытушылары: А.Қ. Қонарбаева, К.М. Маселова, Р.Г. Cагидуллина. Қазақ тілі пәні барлық мамандықтарда ЖОО жоспарына сәйкес жүргізілді. Қазақ тілі 3 семестр оқытылды. Оқулықтар мен дидактикалық материалдардың жетіспеуі сияқты қиындықтарға қарамастан, оқытушылар әдістемелік құралдар мен нұсқаулар әзірлеп, студенттерге сапалы білім беруге тырысты, пәнді оқытудың әдістемесін жетілдіре түсті. Біртіндеп кафедра ғалымдармен толыға түсті.

n5

Қазақ тілі кафедрасын аға оқытушы К.М. Маселова; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы К.Ә. Құсманова; филология ғылымдарының кандидаты О.C. Сапашев; доцент А.Қ. Қонарбаева; доцент С.Қ.Ережепова басқарды.

Кафедрада 2001 жылдан бастап 525410 - «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратура ашылды және қазіргі таңда 6N0205 - «Филология» мамандығы бойынша магистранттарды даярлайды. Магистратураны аяқтаған соң З.Советова, Б. Жақсылықова, Н. Бақынова, А. Әбілмәжінова кафедрада жұмыс істеуге қалды. 

2006 жылы «Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу» кафедрасы болып қайта құрылды. 2007 жылдан бастап кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Жанәбілова басшылық етеді. Бүгінгі таңда кафедра ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жыл сайынғы мемлекеттік тілді білуден өтетін пән олимпиадасында университет командалары бас жүлдені қатарынан үш жыл иеленді. Жыр мүшайрасы, шешендер сайысы сияқты сайыстардан жүлделі орындардан көрініп жүр.

n6 n7 n8

Жанабилова Айжан Кеңесқызы «Ресей ғалымдары және таяу шет елдері» жобасына қатысып, «Ғалымдар энциклопедиясына» кірді (Ресей).

Кафедра «Ресейдің алтын кафедрасы» конкурсына қатысып, Ресей Президиумы Жаратылыстану академиясының дипломымен және төс белгісімен марапатталды.

pic17 pic17

2015 жылы кафедра «Қазақ және орыс тілдері» болып қайта аталды. Қазіргі таңда кафедраға Г.Б. Асавбаева басшылық етуде.