Көп тілде оқитын топтарға арналған "Қазақ тілі" курсы

Пәнді оқытудағы мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті карым-қатынас түрлеріне еркін араласып , өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізуге, мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді , күрделі синтаксистік кұрылымдарды қолдануға, өз мамандығы бойынша баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға , мамандық бойынша мәтіндерді оқып, түсінуге, радио, теледидардан ақпараттар тындауға машықтандыру.

Пәнді оқытып үйретудегі міндеттер:

  • Күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын калыптастыру;
  • Әртүрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білуге дағдыландыру;
  • Мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білуге дағдыландыру;
  • Қазақ тілінің грамматикалық және лексикалық тақырыптарын меңгерту;
  • Кез келген жағдаятқа байланысты берілген тілдік материалдарды пайдалана отырып, өз ойларын жүйелеп айтуға, сауатты жазуға дығдыландыру;
  • Өзінің пікірін еркін айтуға, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпараттық құралдары туралы көзқарасын жеткізе білуге үйрету.

Пәнді меңгеру нәтижелері

Білім:

  • Студенттерді күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін  араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;  өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге үйрету; ауызекі сөйлеу  стилі, көркем әдеби стилін және т.б. білу.

Дағдылары:

  • Белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру; өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

Құзыреттері:

  • тындалым бойынша  студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұңындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс;
  • оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмүңын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс;
  • айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс;
  • жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер тандаған тақырып мазмұңын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзғарасын, тұжырымын да жеткізе білуі тиіс.

Оқу құралдың мақсаты:

Кәсіби қазақ тілі: Экономика және менеджмент факультетінің мамандықтарында оқитын студенттерге арналған. Оқу құралы орыс тілінде білім алатын экономика және менеджмент факультетінің мамандықтарында оқитын студенттерге арналып жасалған. Оқу құралының басты мақсаты – қазақ тілін мамандықпен байланыстырып оқыту. Студенттерді күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін  араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру; өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге үйрету; ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стилін және т.б. білу. Белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру; өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

Жанәбілова А.К.,Советова З.С. / ШҚМТУ. –Өскемен, 2010. – 95 б.