Кафедраның оқу үрдісін ұйымдастыру және әдістемелік жұмысы

Кафедраға 4 базалық лингвистикалық пән бекітілген: Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби орыс тілі». 

2001 жылдан кафедрада 521450 - «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратура ашылды. 2005-2006 оқу жылынан бастап кафедра 6M020500 - «Филология» мамандығы бойынша магистранттарды дайындайды. 

Биылғы оқу жылында күндізгі бөлімде 6M020500 - «Филология» мамандығы бойынша 4 магистрант оқиды.

Кафедраның оқу бағдарламалары мамандықтарға арналған стандарттарға сай жасалған. Жыл сайын кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік құжаттарды (жұмыс бағдарламасы, силлабустар, тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ, ОСӨЖ) құрастырады.

Жыл сайын «Қазақ тілі» және «Орыс тілі» пәндері бойынша студент білімдерінің нәтижесін тексеру үшін тестік қор (ІІ семестрге 520 сұрақтан) дайындалады.

Кафедрада кафедра қызметінің бір бағыты болып табылатын әдістемелік семинар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Әдістемелік семинар жұмысына кафедраның оқытушысы Ә.К. Бакиева жауап береді.

Кафедра қазақ және орыс тілдерін үйретуде студенттердің білім деңгейін анықтайтын тиімді бағдарламалар әзірледі. Тіл үйрету негізінде тәжірибе жинақтай келе, кафедралық семинарларда тілді оқытудың өзекті аспектілерін талқылап, басқа техникалық жоғары оқу орындарының табысты педагогикалық тәжірибесімен алмаса отырып, кафедра оқытушылары үнемі ғылыми жетістіктері мен жеке тәжірибелерін жетілдіру үстінде.

Кафедраның алғашқы құрылған жылдарынан бастап, кафедра қызметкерлері республикалық және халықаралық конференцияларға қатысады, ғылыми-әдістемелік журналдарға материалдарын жариялайды, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы оқытудың қазіргі мәселелерімен тығыз байланысты. Орыс тілі секциясының ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы - «Металлургия және машинажасау саласы бойынша екітілді мамандарды даярлаудағы қолданбалы міндет аспектісінде қазақ-орыс және орыс-қазақ техникалық сөздіктерін құрастырудағы тілдік принциптер». 

Кафедра қаланың мектептерінде: Жамбыл атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, № 43 мектеп-гимназияның оқушыларына үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Жұмыстың мақсаты: оқушыларға болашақ кәсіби қызмет саласын және оқу орнын дұрыс таңдау; оқушылардың еңбекке саналы қызметін қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай еңбек талаптарын ескере келе, қызмет саласын кәсіби түрде анықтау. Атаулы жұмыс түрлерін өткізуде, университетке экскурсия жасау, талапкерлермен, ата-аналарымен әңгіме өткізу, сонымен қатар университетке қабылдау ережелерімен таныстыру.